Адам өмірі үшін





Кеше Арал ауданынан көкке көтерілген екі санитарлық ұшақ Қызылорда әуежайына келіп қонды. Оның бірі жаңа туған нәрестелерді әкелсе, екіншісіндегі екі ауыр науқасты облыс орталығы арқылы Астанаға ұшырды. Аралдық екі ауыр науқасты Астананың нейрехирургиялық ауруханасына алып кету үшін астаналық маман дәрігерлер екі сағат ұшып келсе оларды әуежайда жеделжәрдем көлігі күтіп тұрған еді. Науқастарды қайтадан ұшақтарына мінгізген дәрігерлер кейін қарай тағы да екі сағат көкте қалықтайды. Теңізді аймақтан келген екінші санитарлық ұшақ әр түрлі науқасы бар үш жаңа туған нәрестені алып келді. Енді олар облыстық «Ана мен бала» орталығында қашан құлан таза жазылып кеткенше емделетін болады. Нәрестелер дереу жан сақтау бөліміне жатқызылса, олардың аналары да жан-жақты тестеріліп, бөлмеге орналастырылды. Дәрігерлер оларға түрлі кеңестер беруде. Кішкентай Нұрасыл да анасымен бірге Арал ауданынан келген. Астаналық дәрігерлер оның асқорту органдарына ота жасады. Жүрегіне де тексерістер жүргізілді. Авияциялық ұшақтың арқасында олар да облыс орталығында дер кезінде жеткізілген. Алыс аудандардағы ауыр науқастардың еміне шипа табылып жазылып кетуінде авияциялық ұшақ қызметінің игі әсері мол.
http://kogamtv.kz/adam-%D3%A9miri-%D2%AFshin/