Кадр бөлімі
«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-ның кадрлар бөлімінің бастығы
Б.Ж.Сағынтаева
Бағым Жұмағалиқызы Сағынтаева 1961 жылы туған, ұлты - қазак, білімі –арнаулы. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1979 жылы Ақтөбе темір жол техникумына түсіп, оны 1984 жылы «техник» мамандығы бойынша бітірген. Аудандық орталық аурухананың кадр қызметін 2003 жылдан бастап атқарады. 2010 жылы аурухана аға инспекторы қызметіне ауысқан. 2011 жылдан бастап аудандық аурухананың кадрлар бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалған. Өзінің білімін үнемі жетілдіріп отырады. 2016 жылы «Астана –Өрлеу» компаниясының ұйымдастыруымен өткен «Новеллы Трудового законодательства Республики Қазахстана» тақырыбында білімін жетілдірген. Аурухананың қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. Өзінен кейінгі жас мамандарға тәлім –тәрбие беріп, жұмыс барысын түсіндіріп отырады. Өзінің айналасындағы адамдарға жылы шырайлы қатынасымен ерекшеленеді, ұжым арасында сыйлы. Аудандық аурухананың көптеген «Құрмет Грамоталарымен» марапатталып, көптеген алғыстарға және бағалы сыйлықтарға ие.
Жанұялы. Жолдасы Сағынтаев Амантай 1961 жылы туған, ауруханада бу қазандығының меңгерушісі. Жанұясында 5 бала тәрбиелеп өсіруде.
Жасулан Серикович Мамбетов - кадр бөлімінің инспекторы, білімі – жоғары. 1996 – 2000 жж аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих, құқық, экономика» мамандығы бойынша және 2000-2003 жж аралығында Современный гуманитарный институт (Ресей, Москва) «заңгер» бакалавр мамандығы бойынша бітірді. Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасындағы кадр бөліміндегі қызметін 2013 жылдан бастап осы кезге дейін атқарып келеді. Жанұялы, 4 бала тәрбиелеуде.