Бас дәрігер Марат Ршымбетов
Марат Кубылович Ршымбетов 1973 жылы қыркүйек айының 10 жұлдызында Тараз қаласында дүниеге келген.
1990 жылы Қазалы ауданында №16 орта мектебін бітірдi, сол жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1990 жылы «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.
1996-2003 жылдары Тараз қаласында № 14157 әскери бөлімшесінде дәрігер және бөлімше басшысы қызметін атқарды.
2003-2009 жылдар аралығында «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы - Алматы теміржол ауруханасында отоларинголог-дәрігер қызметінде болды. 2011 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың маусым айына дейін «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы - «Қызылорда теміржол ауруханасы» филиалы директорының емхана ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалып, қосымша отоларинголог-дәрігер болып жұмыс істеді.
2015 жылдың 01 маусымынан «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның бас дәрігері міндетін атқарушы қызметінде.
Денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушы мамандығы бойынша бірінші санаттағы, отоларинголог-дәрігері мамандығы бойынша бірінші санаттағы, профпатолог-дәрігері бойынша маман сертификаттарының иесі.
Білім жетілдіру:
* 01.06.2010 ж. «Оториноларингологиядағы жаңа ағымдар», 234 сағат;
* 08.06.2012 ж. «Профпатология (Кәсіби аурулар)», 864 с;
* 22.12.2012 ж. «Денсаулық сақтау менеджменті медициналық мамандығы», 864 сағат;
* 21.09.2013 ж. «БМСК желісінің деңгейіндегі анықталған ТБ және КДТ ТБ түрін анықтау мен емдеуді ұйымдастыру» 54 сағат.
Бірнеше рет алғыс хатпен, мақтау грамоталарымен марапатталған.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.