» » Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары «Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ны

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары «Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ны

Сыбайлас жемқорлық
 тәуекелдеріне ішкі талдау
 жүргізудің үлгілік қағидаларына 2-қосымша



Бекітемін

«Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы»

 ШЖҚ КМК-ның бас дәрігері  ________________ Б.М.Қуанышбаев

              «29» мамыр 2026 жыл



Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

«Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ны


Тәуекел түрі

Іс-шаралар

Жауапты тұлғалар

Мерзімі

Күтілетін нәтиже

1

Кадрлық үдерістерге байланысты

Қызметке қабылдау рәсімдерін конкурс негізінде және ашық түрде өткізу тәжірибесін тұрақтандыру. Кадрлық іріктеу кезінде кәсіби және біліктілік талаптарын сақтау.

Кадр бөлімі, бөлім басшылары

Үнемі

Іріктеу үдерісінің әділетті және ашық түрде жүзеге асуы

2

Қаржы және сатып алу саласына қатысты

Сатып алу рәсімдерін жоспарлау мен өткізуде цифрлық құралдарды пайдалану, ішкі бақылауды арттыру. Құжаттаманың дұрыстығы мен толықтығына назар аудару.

Сатып алу бөлімшесі, бухгалтерия

Тұрақты

Қаржы рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, тәуекел деңгейін төмендету

3

Медициналық қызмет көрсетуге қатысты

Халықты тегін және ақылы қызметтер туралы хабардар ету жұмыстары. Пациенттермен кері байланыс арналарының қолжетімділігін арттыру.

Емдеу ісі жөніндегі орынбасар, қабылдау бөлімі

1 ай ішінде және тұрақты негізде

Пациенттердің құқықтары мен қызметке сенімділігін арттыру

4

Құжат айналымы және есептілікке қатысты

Электронды құжат айналымы жүйесін тиімді қолдану. Құжаттарды рәсімдеу тәртібі мен мерзімін сақтау бойынша жүйелі бақылау жүргізу.

Әкімшілік-шаруашылық бөлім, жауапты мамандар

Үнемі

Құжаттық рәсімдердің сапасын арттыру және сәйкессіздіктерді азайту

5

Басшылық функцияларына байланысты

Басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде ұжымдық талқылау мен ашықтық қағидатын ұстану. Этикалық нормаларды сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Бас дәрігер, бөлім басшылары

Ай сайынғы негізде

Басқару үдерісінің әділеттілігі мен ішкі сенімнің артуы


09 маусым 2026 ж. 8 0