» » Ақ халатты абзал жанның мұраты – елге адал қызмет ету

Ақ халатты абзал жанның мұраты – елге адал қызмет ету

Ақ халатты абзал жанның мұраты – елге адал қызмет етуАдам жанының арашасына баланған ақ халаттылардың ерен ерлігі сәт сайын қайталанып жатады. Осындай қажырлы еңбегімен елдің сүйіктісіне айналған жандардың бірі – Қарақұм ауылының фельдшері Ізбасқан Толыбаев. Әйгілі айдын Арал маңының тумасы отыз жылдан бері табан аудармай туған өлкесінде тер төгіп жүр. Қарақұм ауылы Арал ауданының орталығынан 120 шақырым жерде жатыр. Елдімекен төбе-төбе құм ортасында орын тепкен. Мұнда жол талғамайтын көліктің өзі алқынып-жұлқынып әрең жетеді. Ал қиырда мал бағып жатқан шопандар қонысына ауыл фельдшері Ізбасқан Толыбаев жиі қатынайды. 

Ізбасқан ТолыбаевҚарақұм ауылының фельдшері: 
- Қожалыққа тиесілі совхоздың есебіндегі көліктермен, трактормен болмаса атпен барып қызметімізді көрсетіп, адамды не болғанда аман алып қалуға тырысамыз. Сусыған құм - көртышқандар көп ұялайтын мекен. Ал сол кеміргіштер қатерлі індет обаның қоздырғыштарын тасымалдаушылар болып табылады. Қыста қар, жазда құм кешіп, жүздеген шақырым сабылатын Ізбасқанның бір міндеті - аталған дертке қарсы ауылдықтарды түгел егуі тиіс. 

Ізбасқан ТолыбаевҚарақұм ауылының фельдшері: 
- Ауылдың айналасында 64 шаруа қожалық орналасқан. Содан ешкімді қалдырмай көрсетіліміне байланысты обаға қарсы егу жұмыстарын жүргіземіз. Сол кезде 300 км. дейін жол жүреміз.Ізбасқан Толыбаев туралы мадақ сөзді ауылдықтар жата-жастана айтуға дайын. Табиғат тосын мінез танытып, аудан орталығымен қатынас мүлдем үзілген жылдары да ауыл фельдшері хәл үстіндегі талай тағдырға тірек бола білген. 

Мәдина БайжігітоваҚарақұм ауылының тұрғыны: 
- 1986 жылы, ол кезде бұл Қарақұм мен Аралдың арасында жол қатынасы болған жоқ. Ауыл аудан орталығынан шалғай жатқан құмның ортасындағы бір елміз. Мен сол жылы осы Қарақұмда босанып қалдым. Сол қиын жылдары Ізбасқан бірнеше әйелді дін аман босандырып, шақалақтарға жарық өмір сыйлапты. Осылайша ол 12 баланың «кіндік әкесі» атанған. 

Қуандық АқжановҚарақұм ауылының тұрғыны: 
- Әсіресе биылғы жылы өте қыс қатты болды. Қалың қар жауды. Кейбір жерлерде жолсыз болды. Жолдың болмай қалуына кедергі болды. Сол уақытта ауырып қалған отарлардағы, бөтен жерлерден хабар келсе, олар атпен хабар береді. Соған қалайда жетуді мақсат тұтып, бұл кез-келген жерде трактор тұрсын, бөтен қуатты машина тұрсын соларға қолын көтеріп, тез жету керек еді деп талай мәрте адамдарды емдеуге сүбелі үлес қосты. «Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиясында Қазақ елін әлемдегі озық 30 елдің қатарынан көргісі келітінін айтты. Айтылған үдеден шығу – әрқайсысымыздың парызымыз. Менің мұратым – елге адал қызмет ету», - дейді ақ халатты абзал жан.

"Хабар" телеарнасынан