Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі
Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан онымен күрес күн өткен сайын күшейіп келеді. Осы орайда, «Арал ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК – ны қызметкерлерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында оқу – семинар өткізілді.
Баяндама жасаған аурухана заңгері Изекеев Руслан Умирзакович сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға қатаң жаза қаралғандығын және бұл Қылмыстық кодекстің талаптарымен жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді. Оқу – семинар барысында қозғалған мәселе жан-жақты талқыланды. Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қысқа форматты видеороликтер көрсетілді.