» » Арал ауданаралық ауруханасы ШЖҚ КМК-ның жылдық есеп беру жиналысы

Арал ауданаралық ауруханасы ШЖҚ КМК-ның жылдық есеп беру жиналысы

2022 жылы 2-ақпанда Арал ауданаралық ауруханасы ШЖҚ КМК-ның мәжіліс залында жылдық есеп беру жиналысы өтті. Жиналысқа ОДСБ-ның басшысының орынбасары Ж.Үсенов және бас дәрігердің орынбасарлары, бөлімше меңгерушілері, дәрігерлік амбулатория–аға дәрігерлері қатысты. 2021 жылдың негізгі іс-жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстардың қорытындысымен бас дәрігер М.Ршымбетов баяндама жасап, слайдтық презентация ұсынды.Бас дәрігер баяндамасында 2021 жылғы аурухана қызметінің барлық салаларын қамтыды. Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға кеңінен тоқталып, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық қанды жауап берді.
Айта кету керек 2021 жылы аурухана біршама жаңа медициналық құрал-жабдықтар алынып, материалдық – техникалық базасы нығайды.
Жапония елінің CanonMedicalSystems корпарациясында өндірілген заманауи үлгідегі компьютерлік томограф аппараты 244  988  000 теңгеге,цифрлық маммограф аппараты 32 754 000 теңгеге алынды және де«Актюбрентген» АҚ өндірілген  «ФЛЮАРКОМ» цифрлық флюорграф аппараты 28 986 184 теңгеге қыркүйек айында лизинг арқылы 162 411 600 тенгеге  КАМАЗ автокөлігінің базасында орналасқан жылжымалы медициналық кешен алынып , мекеменің материалдық – техникалық базасы нығаюына байланысты , медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталу көрсеткіші 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 78,6 пайыздан 88,5 көтерілді. 
Бас дәрігер аурухананың негізгі мәселелерін айтып 2022 жылға  басты міндеттерді белгіледі.
ОДСБ- ның басшысының орынбасары Ж.Үсенов аурухананың 2021 жылғы жұмысыны оң баға беріп, алдағы уақытта аурухана ұжымына сәттілік тіледі.