АРАЛДЫҚТАР АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында аудандық аурухана мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қалалық демалыс саябағында акция өткізілді.
Аталмыш шараны аудандық жастар денсаулық орталығының дәрігері Н.М.Тұрмағамбетұлы ашып, қоғам дертіне айналған нашақорлықтан жастарды аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар, нарколог-дәрігер есірткінің қауіптілігі, адам денсаулығына зияны туралы баяндама жасады. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директор Ә.Ізбасаров аудан тұрғындары мен жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға шақырды. Ұйымдастырушылар тарапынан брошюралар таратылды. Арнайы концерттік бағдарлама барысында әсем әндер айтылып, тұрғындар ерекше көңіл күймен тарады.Сондай-ақ орталық базар маңында нашақорлықтың алдын алу жөнінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жұмыстары жүргізілді.
https://kyzylorda-news.kz/news/lifnews/15868-araldytar-akciya-yymdastyrdy.html








