» » ЖАҢА ЖҮЙЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАСТАЙДЫ

ЖАҢА ЖҮЙЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАСТАЙДЫ


                    


            Ел экономикасын еселеп, ертеңін еселі ететін ұзақмерзімдік стратегиялық жоспарлардың бірі - «Ұлт жоспары-100 нақты қадам». Осы жоспардағы сексенінші қадамында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу» жайы толығымен айтылған. Демек, біздер алдағы уақытта осынау бастаманың жүйелі түрде қолға алынып, нақты қолданысқа енуіне мүдделіміз. Бұл бір жағынан, әлемнің озық мемлекеттерінің отыздығына ену жолында қолға алынатын басты мақсаттардың бірі болып табылады. Дамушы елдердің дәрежесіне жету жолында осы міндетті медициналық сақтандыру жүйесі тиімді тетік екені де даусыз. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының халыққа жолдаған жаңа Жолдауында басым бағыттарға ие болған осынау жүйе, халық үшін әсте тиімді деуге толық негіз бар. Иә, денсаулық сақтау саласында озық технологияларды орынды қолдану мен міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің халыққа тиімді көмек жеткізуі тең жағдайда қолданысқа енуі мемлекеттің басты назарында. Сондай-ақ, елімізде өндірілетін дәрі- дәрмектің бағаларын бекітіп, бақылауға алу да биліктің назарынан тыс қалмақ емес. Осы жағдайлар алдағы уақыттарда нақтылы қолға алынар болса, біздегі күрмеуі қиын денсаулық сақтау саласындағы кейбір мәселелер орынды шешімін табады. Сондықтан да, жоспарлы жұмыстың нәтижесін көруге асығатын халықтың жайы қашан да басты назарда болатыны біздерді қуантады.
                         

Аралбай ЕЛАМАНОВ

«Сорбеткей» медициналық пунктінің фельдшері. 

«Толқын» газеті, 13 маусым 2017 жыл

14 маусым 2017 ж. 792 0