» » ТЫҢ БАСТАМАЛАР ТОЛЫМДЫ ТАБЫСТАРҒА БАСТАЙДЫ

ТЫҢ БАСТАМАЛАР ТОЛЫМДЫ ТАБЫСТАРҒА БАСТАЙДЫ

ТЫҢ БАСТАМАЛАР ТОЛЫМДЫ ТАБЫСТАРҒА БАСТАЙДЫДЕМОГРАФИЯ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
 
Денсаулық саласындағы басты талап - медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету болса, осы бағытта 2016 жылы Аманөткел, Қаратерең елді мекендерінде дәрігерлік амбулаториялар құрылысы салынуда.
Сонымен қатар, денсаулықты қолдау бағытында да бірқатар шаралар нәтижелі болып, алғашқы рет тіркелген қатерлі ісік аурулары 2015 жылмен (88 болса) салыстырғанда 11 науқасқа азайып отыр (2016 жылы - 77).
Туберкулез ауруымен 2015 жылы алғаш рет тіркелгендер саны 61 болса, 2016 жылы 48-ді құрап, көрсеткіш төмендеген.
Ал, ауданның демографиялық көрсеткішіне тоқталатын болсақ, 2016 жылы 1566 бала дүниеге келді.
 
 (Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың тұрғындар алдындағы кезекті есепті баяндамасының желісінен үзінді)
 
 «Толқын» газеті. 7 қаңтар 2017 жыл
09 тамыз 2017 ж. 952 0