» » ӨЗ МАМАНДЫҚТАРЫНА АДАЛ

ӨЗ МАМАНДЫҚТАРЫНА АДАЛ

Мақсаты мен міндеті бір, «ел байлығы - ұлт саулығы» деп жүректері соғатын ақ халаттылардың қоғамнан алатын орны зор.Үнемі ізденіс жолындағы олар білімдерін жетілдіріпбілік тіліктерін арттыра отырыпхалық ықыласына бөленуде. «Аманөткел» дәрігерлік амбулаториясында 1 дә рігер, 14 орта буын қызметкері және 3 жоғары санатты аяжан халыққа медициналық қызметтерін көрсетіп келедіТұрғындар арасында аналар мен балалар өлімін азайтуғаобыр ауруларының алдын алутуберкулезішек ауруларыжүрек-қан тамыр аурула рының көрсеткіштерінің төмендетуге жұмыс жасай отырыпжыл сайын халық арасындағы нысаналық топтағы адамдар мен мектеп және мектепке дейінгі балаларды скринингтік тексеруден өткізіп отырамызСонымен қатараурудың алдын алуемдеу шараларыоның ішінде оңалтудиспансерлік бақылаумедициналық және әлеуметтік қызметтер үздіксіз көрсетіліп отырадыТуу жасындағы әйелдерге жыл сайын емдеусауықтыру шаралары жүргізіліпсоның нәтижесінде, 52 бала дүниеге келіптуу көрсеткіші артты.

Сондай-аққазіргі уақытта 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған бағдарламасы бойынша «Смарт медицина», электронды медициналық қызметті күшейтудетұрғындарды е-gov порталы арқылы дәрігердің қабылдауына жазылудәрігерді үйге шақыру секілді қызметтері қол жетімді болды.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай жаңа амбулаторияның іргетасы қаланған болатынЖуық арада пайдалануға берілетін бұл нысан біздергеяғнимедицина қызметкерлеріне мемлекетіміздің жасаған үлкен сыйы деп білемізАлдағы уақытта да тұрғындар денсаулығы жолында тынбай еңбек ете беретін боламыз.


МОМАРОВ,

ауылдық амбулаторияның аға дәрігері міндетін атқарушы


Аудандық «Толқын» газеті, 10 желтоқсан 2016 жыл

12 желтоқсан 2016 ж. 881 0