КҮЗДЕ ИММУНИТЕТТІ ҚАЛАЙ КӨТЕРЕМІЗ?
Күз түсіп, күн суытты. Енді тұмау, суық тию секілді жұқпалы дерттер бас көтеруі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген жөн деп кеңес береді. Ол үшін иммунитетті көтеру аса маңызды.
Осыған орай мамандар пайдалы 5 кеңес береді.
1. #Дұрыс_тамақтану.
Мүмкіндігінше қуырылған, майлы тағамдардан бас тартып, қайнатылған өнімді көбірек тұтыныңыз. Көкөніс, жеміс-жидек пен аскөкті тағамға көбірек тұтыныңыз. Жемістер мен көкөністерде антиоксидант мол, тағамдағы пайдалы заттарды ағзаға мол сіңіруге көмектеседі.
2. Диетадан бас тартыңыз.
Егер сіз артық салмақтан арылғыңыз келсе, диетадан гөрі спортпен шұғылданыңыз.
3. Қант, кофені көп қолданбай, спиртті өнімдерден бас тартыңыз.
4. Таңертең ашқарынға бал жеңіз.
Балдың пайдалы екені ежелгі заманнан белгілі. Ол бүкіл ағзаға оң әсерін тигізеді.
5. Ағзаны қалдықтардан тазартыңыз.
Таңертең тамақтанудан жарты сағат бұрын бір стакан жылы су ішіңіз. Дені сау адам бір тәулікте 1,5-2 литр су ішуі тиіс.








