АНТЫМЫЗҒА – АДАЛМЫЗ

Дана халқымыз «Бірінші байлық - денсаулық» деп бекер айтпаса керекХалық денсаулығын қорғауда ауылдық медицина қызметкерлері де «Бөген» дәрігерлік амбулаториясына қарасты 1653 тұрғынға сапалы дәрігерлік қызмет көрсетуде. «Бөген» дәрігерлік амбулаториясының құрамына 600-ден астам халқы бар «Қара шалаң» және 300-дей халқы бар «Көктем» медпункттері кіредіЖалпы қызметкерлер саны-34, оның ішіндемедициналық қызметкерлер -17, аға дәрігердің міндетін атқарушы -1, дәрігер - 1, фельдшер - 4, әлеуметтік қызметкерлер - 2. «Бөген» ауылы 6 шағын учаскелерге бөлінгенонда 6 үй аралау медбикелері қызмет жасайды. «Бөген» дәрігерлік амбулаториясында 22 төсектік күндізгі стационар халық денсаулығын нығайтуға көмектесіп келедіАуылдағы дәрігерлік амбулаторияда ана мен балаәйелдерді қарауалдын ала егуқабылдау мен ауызбен суландыруЭКГ кабинеті және зертхана (лабораториябөлмелері барОлар жақсы жұмыс жасауға әсте қолайлы. «Бөген» дәрігерлік амбулаториясы бойынша әр түрлі аурулармен есепте тұратын 525 науқастарды жылына 2 рет дәрігерлік байқаудан өткізіпқажет ететіндеріне ем тағайындаладыОлар аудандықоблыстық емдеу мекемелеріне жолданады. «Ана мен бала денсаулығын сақтау» бағдарламасы бойынша туу жа сындағы аналардың денсаулығы әрдайым біздің бақылауымыздаЖүрек-қан тамыры ауруларынақант диабетіне шалдыққан науқастарға тегін дәрілер берілудеБалаларды алдын ала егу жұмысы жоспар бойынша толық орындалудаХалықтың арнайы тобына скринингтік бақылау аудандық медицина мамандарының жылжымалы меди циналық тобы көмегімен жасалынады. 18 жасқа дейінгі балалар жылына 2 рет медициналық бақылаудан өткі зіліпқажет ететіндеріне тегін дәрілер берілудеАға дәрігердің міндетін атқарушы М.Әбсахиев бастаған медицина қызметкерлері ауыл халқына медициналық қызмет көрсетуде аянбай тер төгіпмінсіз қызмет жасапхалықтың сенімін ақтап келеді. «Бөген» ауылындағы халықтың денсаулығын қорғауда дәрігерлік амбулаторияның барлық қызметкерлері де бір жағадан басбір жеңнен қол шығара жұмыс жасапхалықтың алғысына бөленудеБұл реттебіздер қашан да берген антымызға адал екенімізді айтқымыз келеді.


Бақыт ЖОЛДАСБАЕВ,

дәрігерлік амбулаторияның дәрігері

СуретСлужба защиты прав пациентов и врачейсайтынан алынды


«ТОЛҚЫН» газеті, 3 желтоқсан 2016 жыл

05 желтоқсан 2016 ж. 984 0