Бүгінде медициналық және курорттық ұйымдарды біріктіретін табиғи-медициналық кластерлер құру бастамасы қолға алынуда.
Конференция аясында B2B және B2G форматындағы кездесулер, сондай-ақ медицина, фармацевтика және туризм салаларындағы жетістіктер көрмесі өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша медициналық туризм саласында халықаралық ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қою жоспарланған.
«Бүгін біз тарихи кезеңде тұрмыз: Қазақстан медицинасының әлеуеті – енді болашақ емес, нақты шындық. Біз еліміздің мақтанышына айналатын және халықаралық әріптестіктің үлгісін көрсететін жүйе қалыптастырып жатырмыз»,
— деп түйіндеді Ақмарал Әлназарова.