
«Қаратерең» дәрігерлік амбулаториясына «Көне Қаратерең», «Тастақ», «Жаңақұрылыс», «Ақбасты», «Құланды» медициналық пункттері қарайды. Қазіргі таңда үш мыңнан астам тұрғынға 2 дәрігер, 17 орта буын, 9 кіші буын медицина қызметкері мен 14 техникалық қызметкер қызмет көрсетуде. Ел тәуелсіздігін алған алғашқы жылдарда түрлі қиыншылықтармен бетпе-бет келген кезде, тұрғындар денсаулығы үшін күн-түн демей қызмет жасаған Жасарал Мұханов, жолдың қиындықтарына қарамастан жүздеген ана мен бала жанының арашасы болған Қалмаш Райханова, сондай-ақ, Шарипа Ильясова, Алтынгүл Алдажарова сынды зейнеткер аға-апа ларымыз -халықтың шынайы алғысына ие болған абзал жандар. Олардың тәжірибесі біздерге үлгі. Дәрігерлік амбулаторияда 10 төсектік күндізгі стационар бар. Үстіміздегі жылдың 9 айында 150-ге жуық науқас ем қабылдады. Қазіргі кезде «Бір ыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі» бойынша тұрғындарға медициналық қызмет көрсетудеміз. Яғни, скринингтік тексерулер жүргізу, ауруларды ерте сатысында анықтау, ана мен бала өлімін болдырмау, туберкулез және қатерлі ісік ауруларының алдын алу барысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жыл сайын дүниеге келген сәби саны да өсуде. Сондай-ақ, жедел жәрдем көлігімен қызметкерлеріміз шақырту түскен жерлерге дер кезінде барып, күн-түн демей, сырқаттанған адамдарға алғашқы көмектерін көрсетуде. Биыл 2 орта буын жас маман жұмысқа қабылданды. Басты жаңалығымыз «100 мектеп, 100 ауруха на» бағдарламасы бойынша жаңа типтік жобада са лынатын амбулатория ғимаратының іргетасы қалануда. Бұны ауыл халқы мен медицина мамандарына деген Үкіметіміздің қолдауы мен көмегінің бір парасы деп білеміз.
Сурет
Дети Mail.Ruсайтынан алынды
М.ӘБДІКӘРІМОВ,
дәрігерлік амбулаторияның меңгерушісі«ТОЛҚЫН» газеті, 29 қараша 2016 жыл