ШАЛҒАЙДАҒЫ АБЗАЛ ЖАНДАР
Қоғамның басты байлығы - адам. Ата Заңымызда дәл осылай жазылған. Тұрғындардың денсаулығын сақтау, оған барлық мүмкіншілікті туғызу қажеттігі қай қоғамда да құнын жоймақ емес. Бұл бағытта «Ақбасты»ауылында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ақ халатты абзал жандар өздерінің білім-біліктерін ауыл адамдарының денсаулығын сақтауға бағыттап отыр. 2015 жылы күз айында жаңа көлікпен қамтамасыз етілді. Уақытылы көмек көрсетудіңарқасында халық медицина қызметкерлеріне риза. «Ана мен бала денсаулығын сақтау» бағдарламасы бойынша туу жасындағы аналардың денсаулығы бақылауда болса, туу көрсеткіші жылдан-жылға жақсарып келеді. Қан қысымының көтерілуіне байланысты жүрек, қант диабетіне қарсы тегін дәрілер берілуде. Әсіресе, ауылдан шалғай орналассақ та, мәселені шешуде мамандардың ұйымдастырушылық қабілет- қарымының ықпалы болғандығы анық.Ғазиза АҚНАЗАРОВА,
дәрігер
«ТОЛҚЫН» газеті, 26 қараша 2016 жыл








