» » «DamuMed» қосымшасы жайлы бiле жүрiңiз..

«DamuMed» қосымшасы жайлы бiле жүрiңiз..

«DamuMed» қосымшасы жайлы бiле жүрiңiз.. 

     Бүгінгі таңда денсаулығымызды реттеуге қажетті пайдалы ақпараттардың барлығын қолымыздағы құрылғының ішінен табамыз. Деніміздің сау болуы, оны әрдайым бақылауда ұстау – өз қолымызда. 
        «DamuMed» мобильді қосымшасы – бұл «Дәрігердің қабылдауына жазылу», «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне және медициналық құжаттарды қарау үшін медициналық ұйымға жылдам қол жеткізу. Аталған мобильді қосымша - медициналық көмек алуды жеңілдетуге арналған құрал. 
     «DamuMed» мобильді қосымшасы арқылы үйден шықпай, талон алып кезекке тұрмай-ақ дәрігердің қабылдауына жазылуға және дәрігерді үйге шақыртуға болады.  
     «DamuMed-тің» басты мақсаты - медициналық қызметтерді барынша қолжетімді ету. Яғни, сіз өзіңіздің электронды денсаулық кітапшаңызды ашып, ұсынылатын барлық қызмет түрін еркін пайдалана аласыз. 
«DamuMed» мобильді қосымшасы сізге келесі қызметтерді қолжетімді етеді: 
     1. Учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылу; 
     2. Дәрігердің қабылдауына жазылу және дәрігерді үйге шақыру;
     Яғни сіз өзіңізді немесе отбасы мүшелерін учаскелік дәрігердің немесе тар буынды маманның қабылдауына келу себебін көрсетіп, мобильді қосымша ұсынған дәрігердің жұмыс кестесінен ыңғайлы уақытты таңдай аласыз.  
     Сондай-ақ, сіз өзіңізге немесе отбасы мүшелеріне үй жағдайында отырып, дәрігерді шақырта аласыз.  
     3. Менің жазбаларым: 
Сіз дәрігерге баруды жіберіп алмайсыз. Өйткені, қосымшада әрқашан сіз өз жазбаларыңызды бақылай аласыз.
     4. Тапсырыстар:
Яғни бұл функцияда сіздің дәрігерге қабылдауға келген күніңіз, дәрігерді үйге шақыртқан күніңіз, дәрігердің қабылдауына жазылу себебі мен үйге шақыру себебі және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесі көрініп тұрады.
     5. Медкарта:
Бұл жерде сіз туралы жеке деректер, яғни  денсаулық көрсеткіші, дәрігердің қабылдаулары туралы ақпараттар, диагностикалық/лабораториялық зерттеулер мен олардың қорытындылары, рецепттер, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, жолдамалар көрсетіліп тұрады.
     6. Дабыл түймесі: 
Яғни бұл жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына, жүкті әйелдерге және диспансерлік есепте тұрған пациенттерге шұғыл режимде дәрігерді үйге шақыруға мүмкіндік береді.
21 тамыз 2024 ж. 164 0