ЖАНҒА ШИПА, ДЕРТКЕ ДАУА - БУРАБАЙ
«Ақбасты» ауылының іргесіндегі «Бурабай» деп ата латын жер асты суы жергілікті тұрғындарға табиғаттың берген таңғажайып тартуындай. Олай деуімізге себеп көп. Бүгінде аты көпке мәлім «Бурабай суын»ат арытып сонау алыс жерлерден арнайы іздеп келушілер қатары көп. Талай дертіне дауа іздеген жандар да құлан-таза айығып, табиғаттың бұл ерекше жаратылысына таңдай қағып кетуде. Расында, жер астынан атқылаған ыстық су ауру дендеп, әуре-сарсаңға түс кен біраз жанды аяққа тұрғызды. Оның денсаулыққа пайдалылығын дәрі герлер дің өзі мойындап отыр. Буын, асқазан, те рі аурулары мен өзге де науқас түрлерін дәрі-дәрмектің көмегінсіз сауықтыратын бұл ыстық судың осындай ерек ше қасиеті бар. Жарты ғасырдан астам уақыт тоқтаусыз көкке буырқана көтерілген судың қасиетіне тұрғындар әуелден-ақ мойынсұнған. Жаратылыстың бұл құбылысына құрметпен қарап, әрдайым жан-жағын таза ұстауды естен шығарған емес. Өйткені, ауылдастар туған жерінің «кие» дейтін ұғымнан ада еместігін парасат-пайыммен қашаннан ұғына білген. Аядай ауылдағы осындай таңға жайып дүниенің болуы елді мекеннің тіршілік тынысын кеңейтіп, одан әрі жандан дыра түсері сөзсіз. Иә, қазіргі кезде жер астынан шығып жатқан суды тұтынудың әлеуметтік салмағы мен адамдар денсаулығына тигізетін пайдасы жоғары. Емдік қасиеті бар жер асты суы - өмірдің өзегі, тіршіліктің нәрі.Ақнұр МАХАМБЕТОВА,
ауылдық округтің салық маманы
Фото dreamstime.com сайтынан алынды.
«ТОЛҚЫН» газеті, 26 қараша 2016 жыл








