АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА МҰҚИЯТПЕН ҚАРАЙМЫЗ
«Бекбауыл» дәрігерлік емханасы 2011 жылы құрылды. Емханаға «Ақбай», «Құмбазар» елді мекендері қарайды. 1 фельдшер мен 8 орта буынды медицина қызметкерлері 2190 тұрғынның денсаулығына қызмет көрсетуде. Емхана алғашқы медициналық-санитарлық кө мекті аймақтық жүйемен тұрғындардың мекен-жайына сәйкес және медициналық ұйымды еркін таңдау жүйесімен жұмыс істейді. Емхана жанында 3 төсектік күндізгі аурухана бар. 2012 жылы жаңадан «жедел жәрдем» көлігі берілді. Аурулардың алдын алу шаралары жыл басына бекітілген жылдық жоспарға сай бригадалық әдіспен жүргізіледі. Әр түрлі ауруларға қарсы егу шаралары жыл соңында орындалады. Сондай-ақ, тұрғындар арасында, мекемелерде, лекциялар оқылып, санитарлық ағарту жұмыстары жиі жүргізілуде. Халықтың денсаулығы - еліміздің басты байлығы. Сондықтан, медицина қызметкерлері әрбір тұрғынның денсаулығына аса мұқияттылықпен қарап, күн-түн демей еңбек етуде.Жібек ДІЛЕКЕШОВА,
дәрігерлік емхананың аға аяжаны
Фото cmei.com.ua сайтынан алынды.
«ТОЛҚЫН» газеті, 19 қараша 2016 жыл








