«Жедел жәрдем» жанымызда
Ауылымыздағы фельдшерлік-акушерлік пункт мыңға жуық тұрғындардың денсаулығына уақытпен санаспай қызмет көрсетуде. Адам болғасын, ауырмай тұрмайды. Кей кездері мезгілсіз уақытта, яғни, түн ортасында кішкентай балалар ауырып қалған жағдайда да фельдшер Бе рікжан Нукешов алғашқы көмегін көрсетіп, аудан орталығына баратындай халде болса, бізбен бірге көлік іздеп, қашан орталық ауруханаға жеткенше тыным таппайтын. Иә, қысылған уақытта көлігі бар адамдардың үйіне сабылып, тіпті жүк көлігіне де мініп, ауруымыз жанымызға батып, мазамыз қашқанымен, орталыққа жеткенімізге шүкіршілік ететін едік. Әсіресе, қыстың күндері өте қиын болатын. Бүгінде Аралды құтқару қорының қолдау-көмегінің арқасында жедел жәрдем көлігі пайдалануға берілді. Іші жылы, орындықтары отыруға жайлы жаңа көлік сырқаттанған жандарға лезде-ақ келіп, аудан орталығына жеткізуде. Бұрынғыдай сандалмайтын болдық. Бұл да Үкіметіміз колға алған «Денсаулық» бағдарламасының жемісі. Яғни, ауыл халқының денсаулығын жақсартуға деген игі бастамалары ның бір парасы.
Қ. ДОСАЕВ,
ауыл тұрғыны
Суретwww.specatp.kzсайтынан алынды
Аудандық «ТОЛҚЫН» газеті, 29 қазан 2016 жыл








