ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫ НАЗАРЫМЫЗДА
«Аралқұм» ауылындағы 1905 жылы ашылған медициналық пункт 2004 жылдың тамыз айында дәрігерлік амбулатория болып қайта құрылды. Ал, 2014 жылы «100 мектеп. 100 аурухана» бағдарламасы аясында жаңа типтік жобада қайта салынған амбулатория бүгінде күніне 50 адамды қабылдап, халыққа қызметін көрсетіп отыр. Барлық қажетті кабинеттер бар, күндізгі стационар жұмыс істейді. Қазіргі таңда ұжым «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі» бойынша тұрғындарға дер кезінде медициналық көмек көрсетіп келеді. Яғни, скринингтік тексерулер жүргізу, ауруларды ерте сатысында анықтап сауықтыру, ана мен бала өлімін болдырмау, туберкулез және қатерлі ісік ауруларының алдын алу барысында жұмыс істеп жатырмыз. Емханада 1 дәрігер мен 12 орта буын қызметкерлері емделушілердің денсаулығын басты назарда ұстап, күні-түні еңбек етіп жүр. Олардың ішінде ауырған кезде науқастың қасынан табылып, ем-домын жасайтын Қ.Қаныбетова, А.Тілеуім бетова, Д.Медет, М.Искакова және Г.Жасағанбергенова сынды ұзақ жылғы тәжірибелері бар ақ халатты абзал жандарды округімізде білмей тін адам кемде-кем. Олардың және жас мамандардың қатысуымен осы жылдың 9 айында 7333 науқасты қабылдадық. Сондай-ақ, «Шөміш»,«Мойнақ»елді мекендеріндегі фельдшерлік пункттер де жүйелі жұмыстарын жалғастырып жатыр. 1 «жедел жәрдем»автокөлігімен емхана қызметкерлері шақыртулардыңтүскен жеріне дер кезінде барып, жанына шипа тілеген адамдардың алғыстарына бөленуде. Алдағы уақытта да медицина мамандары адам денсаулы ғын сақ тауда қажырлы еңбек ете бермек.
Дәншат НҰРЖАНОВА,
"Аралқұм" дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі.
«ТОЛҚЫН» газеті, 25 қазан 2016 жыл









