25 қазан Республика күнінде облыс бойынша 1 тәулікте 55 нәресте дүниеге келсе, оның ішінде ауданымызда 6 нәресте, яғни 3 ер бала және 3 қыз бала дүниеге келген.
25 қазан Республика күнінде облыс бойынша 1 тәулікте 55 нәресте дүниеге келсе, оның ішінде ауданымызда 6 нәресте, яғни 3 ер бала және 3 қыз бала дүниеге келген. Осыған орай, аурухана бас дәрігері Ршымбетов Марат Кубылович және дәрігерлер атаулы мейрам күні дүниеге келген сәби мен аналарын құттықтап, егеменді еліміздің ертеңгі болашағы, яғни сәбилеріміздің келер болашағы жарқын болуына ізгі ниетін білдіре отырып, жаңа дүние есігін ашқан сәбилерге кәсіподақ ұйымы атынан сый-сияпат табыстады.



