» » ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫН ҚАНАҒАТТАНДЫРҒАН

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫН ҚАНАҒАТТАНДЫРҒАН


«Денсаулық» бағдарламасы


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бес институционалдық реформасының 82-ші қадамында медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізіп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызметтің тұрғындар үшін қолжетімді болуы айтылған. Осы орайда, кент тұрғындарын бүгінгідей күнде қаржылық дағдарыстың әсері дәрі-дәрмектердің қымбаттауына да септігін тигізіп жатырған тұста, кент тұрғындарын сапалы әрі төмен бағадағы дәрі-дәрмектермен қамтып отырған Пакизада Жолдасбаева жайында айтпақпыз.


Иә, «Айкен» дәріханасының иесі Пакизада негізінен кәсіп­керлікпен көп жылдан бері ай­налысып келеді. Қызылорда қала­сындағы медициналық училищені фармацевт мамандығы бойынша бітірген ол, алғашқы еңбек жолын медицина саласында 1968 жылы бастады. Талай жылдар дә­ріханада еңбегін сіңірген жан, фармацевтика саласында тәжіри­бе жинақтап, 1998 жылы кәсіпкер ретінде тіркелді. Туған жерінен дәріхана ашты.

«Сексеуіл» кенті тұр­ғындарының сұраныстарын қа­нағаттандыруға толық мүмкіндігі бар дәріханадағы препараттардың бағасы да қолайлы әрі ғимарат іші заманауи жабдықтармен жаңалан­ған. Яғни, медициналық тауар түр­лерін сақтаудың барлық шарттары ескерілген дәріханада дәрі-дәрмек­терді белгілі бір температурада сақ­тайтын арнайы орындары бар екен.

Барлық талаптарға жауап беретін дәріханада жақпамайлардан бас­тап, фитотерапия өнімдері және қабынуға қарсы қолданылатын дә­рілік заттар ассортименті, иммуни­тет жоғарылататын дәрумендер мен сироптар жалпы саны 600-ге жуық дәрілік заттар сатылады.

Бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер мұны­мен шектеліп қалған жоқ. Атап ай­тар болсақ, «Даму» қоры арқылы 8 миллион теңге несие алып, амбу­латориялық және диагностикалық қызмет көрсету кабинетін ашқан кәсіпкер, қазіргі уақытта игі ісінің арқасында тұрғындардың ризашылығына бөленіп отыр.

Себебі, онда­ғы жаңадан орнатылған ультрады­ быстық зерттеу диагностикалық аппараты көптеген науқастардың йод жетіспеушілігіне байланысты туындайтын қалқанша, қол асты, ұйқы, талақ, қуық асты бездері ауруларымен қатар, өт қалтасы толуы, бүйрек тас аурулары мен қатерлі ісік дерттерін дер кезінде аңғаруға мүмкіндік беріп отыр.

Кабинетте Данияр Маханов есімді дәрігер өз жұмысын жоғары дең­гейде атқарып, дерт дендеп келген науқастарға диагноздарын дөп ба­сып айтуға жағдай жасап отыр.

Сонымен қатар, бұл жерде дәс­түрлі медицинамен емдеу ісі жолға қойылған. Оның ішінде нано-техно­логияның нақ өзі болып табылатын гирудотерапия, яғни, сүлікпен ем­деу ісін Пакизада апайымыздың өзі жүргізеді екен. «Халықтың денсаулығына мән беруі қай деңгейде?» деген сауалы­мызға П.Жолдасбаева:

- Салауатты өмір салтын қалып­тастыру, халық денсаулығын оңалту жайын Елбасымыз жыл сайынғы Жолдауында айтып және оған Үкіметтің алқа мәжілісінде үне­мі назар аударып отырады. Сол үшін де жаңадан өз ісін бастап жатырған кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп келеді. Мен де Үкі­меттің беріп отырған мүмкінді­гін пайдаланып, біраздан бері көкейімде жүрген арман-мақсат­тарымды жүзеге асырып жатыр­мын.

Ең басты қалауым, адамдар өз денсаулықтарына үлкен жауап­кершілікпен қараса деймін.

Өйт­кені, мені қазақтардың бейқам­дығы қатты алаңдатады. Басқа ұлттар басы ауырып, балтыры сыздаса, емханаға жүгіреді. Ал, біздер болсақ, әбден асқынғанда ғана емханаға келіп жатамыз. Мұндай жағдайда кейбір науқас­тар дертінен айығып кетсе, енді бірі өмірімен қоштасады.

Қазақ­станда аурудың алдын алуға ба­са көңіл бөлінген. Мемлекет жыл сайын әрбір ел азаматының жер­гілікті емханаларда тегін кешенді медициналық тексеруден өтуіне жағдай жасап отыр.

Өкінішке орай, осы мүмкіндікті халық әлі дұрыс пайдаланбауда. Мысалы, біздерде асқазан аурулары асқынған нау­қастар көптеп саналады. Олардың бірнеше жыл бойы кешенді тек­серуден өтпегенін байқайсың. Егер әркім жыл сайын тексеруден өтіп тұрса, кез келген ауруды бастап­ қы кезеңінде оңай емдеуге болар еді - деп жауап беріп, бір жылдары Азияның іскер әйелдер форумына қатысқаны жайында кеңінен айтып өтті.

Иә, біз де ұзақ жылдар дәріха­ на саласында еңбек етіп жүрген тәжірибелі фармацевттің ісі өрге жүзіп, кент тұрғындарының денсау­ лығын жақсартуға үлес қоса береті­ніне сенімдіміз.


Света ҮСЕНҚҰЛОВА.


«Толқын» газеті. 6 қыркүйек 2016 жыл

06 қыркүйек 2016 ж. 930 0