Құттықтаймыз!!!

«Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінінң салалық кәсіподағы мүшесі, Арал ауданаралық аурухананың  ота жасау бөлімшесінің жоғары санатты аға мейірбикесі Изекеева Айгул Абдразаққызы мол тәжірибелі, білікті мейірбике. Жалпы еңбек өтілі 36 жыл. Осы жылдар ішінде халық денсаулығын қорғауда аянбай еңбек етіп, халықтың алғысына ие болған жанның бірі.Облыс орталығында өткен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жасампаздыққа толы жылдар» атты салтанатты шарада Изекеева Айгул Абдразаққызын, «Шапағат» медалімен марапатталды. Біз, әріптесіміз Айгул Абдразаққызын осы үлкен жетістігімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасына шаттық, кәсібіне береке тілейміз!
10 желтоқсан 2021 ж. 392 0