ЕМХАНА ҰЖЫМЫ – ҰЙЫМШЫЛ
Алыстан мен мұндалайтын дәрігерлік амбулаторияның күндізгі стационары іші мұнтаздай таза. Бәрі орын орнында. Бізге аға дәрігер Толыбай Ізбасхановпен тілдесудің сәті түсті.
- Мемлекетіміз денсаулық саласына айрықша басымдық бергенін шалғайдағы округ орталықтарынан өздеріңіз көріп отырғандай, медициналық ғимараттар салғанынан-ақ аңғаруға болады. Уақытпен үндесе тұрғызылған емхана құрылысы қалың жұртшылықтың көз алдында сапалы аяқталды. Қазіргі таңда тұрғындарға медициналық көмек дер кезінде көрсетіледі. Бірнеше адамға арналған төсекте кезек-кезегімен үлкен-кіші ем-домдарын алуда.
Басы ауырып, балтыры сыздағандардың қасынан табылатын фельдшерлер Қадір Мырзалиев, Жанар Жұмабаева, Жеңіс Қалымбетов және оннан астам аяжан қауымының еңбегімен көпшілік жақсы таныс. Аула жанындағы «жедел жәрдем» көлігі кез келген шақыртуға әзір, - деп, ұжымның сапалы қызметінің нәтижесінде науқасынан айыққандар жетіп артылатынына тоқталып өтті. ...
«Жедел жәрдем» көлігіне шұғыл мінген акушер Базаркүл Бектілеуованың толғағы мазалаған жас әйелді аудан орталығына қарай әкеткенін көрген біз іштей жол болсын айтып, ананың аман-есен құндақталған нәрестесін құшағына қысып оралуын тіледік...
А. ЖАЙШЫЛЫҚ
«Толқын» газеті, 22 маусым 2016 жыл








