» » АРАЛДА «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ – 2016» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

АРАЛДА «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ – 2016» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Елбасымыз « Мемлекеттің басты байлығы – ұрпақ саулығы» дегендей жалпы халықтың денсаулығы мемлекеттің басты қазынасы болып табылады.
 Өңірімізде «Біз – салауатты өмір салтын ұстанамыз!» ұранымен кең ауқымды «Денсаулық Фестивалі – 2016» акциясы дәстүрлі түрде өтуде.
 Акция аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған болатын. «Денсаулық фестивалі» шеңберінде жұмыс істеген дәрігерлер тарапынан келушілерге салауатты өмір салтының түрлі аспектілері, денсаулықты сақтау және нығайту туралы тегін кеңестер берілді. Сондай-ақ, тегін медициналық көмектер көрсетіліп, салауатты өмір салты ережелерімен таныстырылып, түрлі ауру түрлері жайлы үнпарақтар тараттылды.
 Мұндай шаралар аурулардың алдын алу, денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын ұстану туралы халықты ақпарататтандыру деңгейін, әр адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттыруға зор мүмкіндік береді.

 
 
 
 
 
Арал Ауданының Әкімдігі
09 маусым 2016 ж. 1 845 0