» » АРАЛДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРГЕ НАЗАР АУДАРЫЛДЫ

АРАЛДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРГЕ НАЗАР АУДАРЫЛДЫ


маусымда облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақовоблыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Марат Делмұханов арнайы жұмыс сапарымен Арал ауданында болды.


Сапар барысында №83 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары қажет екендігі, «Жазира», «Толқын» балабақшаларынқалалық №1 кітапхананы жаңадан салу керектігіне көз жеткізілді.

Сондай-ақаудандық аурухананың ғимаратымен танысыпреспубликалық бюджет есебінен жаңадан салынатынын атап өтті.

Ал, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеуден өткізілетін №62 орта мектеппен танысу барысында жөндеуге берілген қаржыны тиімді пайдаланыпжұмыстың сапалы болуын қадағалауды тапсырды.

Келесі кезекте вокзал маңында жаңадан бой көтерген екі қабатты «Назым» тіс емханасының жұмысымен танысты. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының II бағыты бойынша несиеге қол жеткізген А.Дабылованың қазіргі заманауи технологиялармен жабдықталған тіс емханасына және бірнеше маманды жұмыспен қамтып отырған оңды жұмыстарына риза болыпісіне сәттілік тіледі.


http://seykhuninfo.kz/kogam/4638-aralda-leumettk-mselelerge-nazar-audaryldy.html
07 маусым 2016 ж. 1 000 0