» » АРАЛДА ДӘРІГЕРЛЕР ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ.

АРАЛДА ДӘРІГЕРЛЕР ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ.

7 сәуір Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай 1-7 сәуір аралығында Сексеуіл кентінде «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның жылжымалы кешені халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуде. Құрамында УДЗ дәрігері, акушер-гинеколог дәрігері, рентген лаборант, көз дәрігері, тіс дәрігері, хирург дәрігер, ЭКГ және лаборант қызметкерлері бар. Сонымен қатар флюорографиялық –рентген жылжымалы кешені және маммографиялық жылжымалы кешен Шижаға елді мекенінде жергілікті тұрғындарға медициналық- профилактикалық скринингтік жұмыстар жүргізілуде.

 
 
Арал Ауданының Әкімдігі
https://www.facebook.com/

07 сәуір 2016 ж. 1 165 0