» » Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі?

Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі?

Мемлекет бұрынғыша халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында базалық медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді:

- Жедел және шұғыл медициналық көмек (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);
 - Емханаларда қызмет көрсету( әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды терапевтің, оның ішінде бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу);
 - Диагностика және емдеу: әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, АИТВ, психиканың бұзылуы, қатерлі ісіктер), негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериалық гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т. б.), айналадағыларға қауіпті жіті жұқпалы аурулар.
 Сондай-ақ, белгілі бір ауру мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар тегін дәрі-дәрмек ала алады.
 Емхана ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартса, qoldau24/7 мобильді қосымшасы арқылы Қорға хабарласуларыңызды сұраймыз.
 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі.


https://tolqyn.kz/kogam/15183-anday-medicinaly-kmek-halya-zhappay-tegn-krsetled.html 

14 тамыз 2020 ж. 86 0

Бас дәрігердің блогы

Хабарландыру