» » Бөлімше қалыпты жұмысқа көшті

Бөлімше қалыпты жұмысқа көшті

Арал ауданында коронавирус дертіне шалдыққан азаматтар ем алған аудандық жұқпалы аурулар бөлімшесі жұмыс режиміне көштіСоңғы науқастардың емделіп шығуына байланысты толықтай залалсыздандырудан өткізілген аурухана бүгінде өзге де ем алушылар үшін жұмыс істеуде.

Сонымен қатар ауданға қарасты Сексеуіл кентіндегі ауруханадан ашылған провизорлық және карантиндік стационарлар да жабылыпаурухана негізгі жұмыс режиміне көшкен.
 Атап 
өту керекөңірде енгізілген карантиндік шаралар коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға айтарлықтай мүмкіндік бердіОған дәлел ретінде КВИ және пневмониямен сырқаттанушылық деңгейі төмендеп жатқанын айтуға болады.
 
Қазіргі таңда провизорлық стационарда ем алып жатқан 12 науқас алдағы жексенбі күндері емдерін аяқтапүйлеріне шығарылатын боладыСоңғы пациентті емдеу және дезинфекциялық іс-шаралар аяқталғаннан кейінмедициналық ұйым жұмыстың негізгі профилін орындауға кіріспек.
 
Өңірде коронавирустық инфекцияның таралуы біршама тұрақтанғанына қарамастантұрғындар әлі де маска режимінәлеуметтік арақашықтықтыжеке гигиена мен дезинфекциялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы маңызды.
 
Бұл қарапайымміндетті қауіпсіздік шаралары коронавирустық инфекцияның таралуын едәуір төмендетуі мүмкіндігін естен шығармаған дұрыс.
 
 

«Толқын» ақпарат

https://tolqyn.kz/zanalyk/15263-blmshe-alypty-zhmysa-ksht.html

19 тамыз 2020 ж. 591 0