» » Мың тағзым саған, дәрігер!

Мың тағзым саған, дәрігер!

Әлем халқын алаңдатқан сырқат халық арасында үрей тудырғаны жасырын емесҚазіргі таңда елімізде жүз мыңнан аса адамның бойынан табылған COVID-19 пандемиясымен күрес бір сәтке болса да толастамадыКарантин талаптарынан бөлек жауапты органдар мен ішкі істер саласы қызметкерлерініңәсіресе науқастардың жанында жүріпдертіне шипа табуда ерен еңбегімен танылып жүрген дәрігерлердің үлесі зорКүн-түн демей өз өмірлерін қауіпке тігіпелдің амандығы жолында аянбайтын ақ халаттылардың ерлігін ешкім жоққа шығара алмас.

Десе де пандемиядан төнген қауіптің қаншалықты екеніне көзіміз жеттіТалай жанды жақыныменелді құрметтілерімен қоштасуға әкеп соқтырған сырқаттың салмағы жеңіл емесТіпті осы аурудан қаза тапқандардың қатарында дәрігерлер де болдыБасын бәйгеге тіккен жандардың қазасы қызметтік жағдайда болды десек те білімді мамандардан көз жазып қалу медицина саласы үшін деқоғам үшін де орны толмас өкініш еді.
 
Мінесолардың қатарында білікті дәрігер Болатбек Накебайұлы Айсауытов та барАнтына адал болыпхалықтың денсаулығы үшін тер төккен ол ауданға танымал азамат болатын.
 
Бұл аты жаман індет менің туыстарымның ортасынан да айналып өтпеді. 5 шілде күні Арал ауданына танымал дәрігер, менің нағашы ағам 53 жасына қараған шақта мәңгілік бақи дүниеге аттанды.
 
Болатбек Накебайұлы1983-1987 жылдары Қызылорда медучилищесінде фельдшер,1989-1995 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын «дәрігер-гигиенист  эпидемиолог»  мамандығы бойынша бітіріпеңбек  жолын  1995 жылы  Қызылорда  облысы СЭС-те эпидемиолог қызметінен  бастады.Кейіннен Қызылорда обаға қарсы күресу бөлімшесінде дәрігер-бактериолог  қызметін  абыроймен атқара білдіАл 2013 жылдан бастап Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясының Қазалы бөлімшесінің зертхана меңгерушісі ретінде өзінің іскерлігінқызметке деген адалдығын көрсетті.
 
Еңбек жолы талай жас маманға үлгі болуға тұрарлық азаматқа қандай құрмет көрсетсе де лайықтыЕлдің амандығы үшін күресте көп жылғы тәжірибе мен өзіне артылған сенімді ақтай алған Болатбек Айсауытов пандемиямен күрестегі ерен ерлігі үшін «ҚР Құрмет» орденімен   марапатталдыОл мұндай атақты иеленген аудандағы алтыншы адам атанды.
 
 

Әсел АСЫЛБЕК

https://tolqyn.kz/kogam/15271-my-tazym-saan-drger.html

18 тамыз 2020 ж. 74 0

Бас дәрігердің блогы

Хабарландыру