» » Аудандағы ахуал қалыпқа түсті

Аудандағы ахуал қалыпқа түсті

Бір айдан астам уақытқа созылған шектеу шаралары өз нәтижесін көрсеттіДенсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіншеелімізде коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтапжағдай айтарлықтай жақсарғанОблыста індетке шалдыққан науқастардың 80 пайызы ауруынан айығып шықтыАл аудандағы ахуалға келсек...

Л. ИМАНБАЙҚЫЗЫ

«Өзі саққа Құдай жақ»
 «Мен 
ұзақ жыл мал шаруашылығы саласында еңбек еткен зейнеткер анамынҰл-қыздарым жан-жақтаКарантин кезінде көпшілік жиналатын шараларға тыйым салынғанымен«Олар менің балаларымның қуанышына келіп еді» деп шақырған тойлардан қалмай жүрдімсадақаларға да бардым. Бірақ шілде айының ортасында кезекті тойдан келгеннен кейін қалпақтай ұшып ауырдымСозылмалы ауруларымоның ішінде қант диабетім де бар едіҚара терге түсіпәлсірегенім соншалықорнымнан қозғала алмай қалдымБалаларым «жедел жәрдем» шақыртты. Көп уақыт өтпей-ақжедел бригада келгенде олардың үстіндегі қорғаныш киімдерінен қорқып«Дәрі-дәрмек беріп кетіңдерүйде емделейін» дедім әліме қарамай. Бірақ тәжірибелі дәрігер Зәмзагүл Толыбайқызының «Апа-аусіз секілді ауырған адамдар аз ғана уақытта жазылып шығып жатырСозылмалы ауруларыңызға да ем аласызДәрі-дәрмек жеткілікті» деген сөзі үлкен күш бердіСөйтіп ауруханада бір аптадай ем алдымШүкірөз-өзіме келіптәуір болып шықтымОдан бері дәрігерлердің тағайындаған емі мен кеңестерін бұлжытпай орындаудамынҚиналған сәтімде жылы сөздерімен демепемдеген жедел жәрдем бөлімшесі мен аурухананың барлық қызметкерлеріне алғысымды білдіремін«Өзі саққа Құдай жақ» дегендейаудан халқына белгіленген санитарлық тәртіпті сақтапбір-бірлеріңе жанашыр бола біліңдер дегім келеді» дедіредакцияға қоңырау соққан Марал ана.
 
Бұл  бір адамның ғана алғысыпікіріИәкөп адам кезінде бейқам қарадыАлайдақазір көпшілік түсінгендейЕнді босаңсуға болмайды.
 Жедел ж
әрдем шақырушылар азайды
 
Қырық жылға жуық уақыттан бері денсаулық сақтау саласында еңбек етіп келе жатқан Зәмзагүл Ұйқасова бұл індеттің халыққа қиын тигендігінәсіресе маусымшілде айларында жедел жәрдем көмегіне жүгінгендердің өте көп болғандығын айттыКүшейтілген кесте бойынша жұмыс істеген бөлімше қызметкерлері 3 бригадамен тәулігіне 80-90 шақыртуларға дейін барғанАуырғандардың басым бөлігін егде жастағы адамдар құраппневмония мен асқыну жағдайлары  көп болғанСондай-ақ қант диабетіқан қысымыжүректің ишемиялық аурулары және екіқабат әйелдер мен балалардың ауруларына да шақыртулар жиі түскен.
 
 – Жедел жәрдем қызметкерлері қала аумағымен ғана шектелмейсонау Ырғызға дейінгі жол бойында болған жағдайларға да көмекке барадыСондай-ақ Сексеуіл кентінен келетін науқастарды ауруханаға дейін жеткізіпЖақсықылыш халқының шақыртуларына да жедел жетуге тырысадыАл жаһанға жайылған індетке байланысты елімізде төтенше жағдай мен карантин жарияланған кезден бастапуақытпен санаспай еңбек еттікКоронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкеспациенттерге жедел көмек көрсету алгоритміне сай қызмет көрсету кезінде бірінші кезекте науқастың жалпы жай-күйіентігуінің бар болуыминутына тыныс алу жиілігідене қызуы және қанының оттегімен қанығуын бақылауға алдықАуырған адамдарда ауыр немесе орташа ауыр ағымысондай-ақ қауіп факторы баряғни жасы 60-тан асқанқант диабетіөкпенің созылмалы аурулары сияқты аурулары болған кезде одан ары емдеу үшін стационарға жеткізіліп отырдыҚызметкерлер қажетті жабдықтармен және қорғаныш құралдарымен толық қамтамасыз етілдіМедицина қызметкерлерін ынталандыру және қолдауға арналған қосымша төлемдер де төленді дейді.
 
Бүгінде жағдай бірқалыпқа түстіЖедел жәрдемге түсетін қоңыраулар саябырсыдыҚазір қызметкерлер бұрынғы жұмыс кестесіне оралып келеді. Ауырған адамға алғашқы көмек көрсетуді басты міндет деп санайтын дәрігерлер мен фельдшерлердіңтазалықшымеханик және көлік жүргізушілерінің бірлесе атқарған еңбектерінің нәтижесінде жедел көмек иелеріне көпшілік  тарапынан айтылар жылы лебіздер үзілген емес.
 
Тегін дәрі-дәрмек беріледі
 
«Не жоқ болсасол  зәруне зәру болсасол  дәру» демекшііндет дендеген шақта дәрі-дәрмек те біршама уақыт тапшы болдыҚадағалаудың пәрменділігімен іздеген дәрі-дәрмекке де  қол жеткіздікАл Денсаулық сақтау министрлігінің мына бір жаңалығы халыққа пайдалы болдыЕгер сырқаттаныпвирус жұқтыру бойынша күдіктенсеңізөзіңіз тіркелген емханаға барып қаралу керекВирус жұқтырғаныңыз анықталсабұрынғыдай дәріхана жағалап жүрмейсіз. Өйткеніқажетті дәрі-дәрмек жеткілікті және ақысыз беріледіПровизорлық орталықтарда дәрі-дәрмектермен толықтыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылудаҚазіргі уақытта коронавируспен және КВИ-ға ұқсас белгілері бар пневмониямен сырқаттанған науқастар үшін алдын ала бір айлық қорға есептелінген препараттар сатып алынған және еліміздің өңірлеріне 8,7 миллиард теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмек жөнелтілген.
 
Бұл жаңалыққа байланысты Арал ауданаралық ауруханасының дәрігер сарапшысы Б.Сүйінова:
 
 Қазіргі COVID-19 коронавирустық инфекциясымен  үй жағдайында ем қабылдап жатқан науқастарғасоның ішінде ересектерге парацетамолибупрофен және ривароксабан таблеткалары босатылса«Ауруханадан тыс пневмония» нозологиясының жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде амоксициллин, азитромицин дәрілік заттары тегін қарастырылғанАудандық клиникалық-диагностикалық емханасында орналастырылған арнайы дәріханадан дәрінің таратылу жұмыстары ұйымдастырылдыНауқас ең алдымен тұрғылықты емханасындағы дәрігерінің қабылдауында болып, ұсынылған зертханалық-диагностикалық шаралардан толық өткеннен кейіндиагнозына байланысты емі тағайындалыпрецепт дәрігердің қолтаңбасы және мөрі арқылы клиникалық-диагностикалық емханасындағы арнайы дәріханадан тегін босатыладыАл стационарлық жағдайда ем қабылдап жатқан науқастарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтің сапасы бойынша біріккен комиссияның 15.07.2020 жылғы 106 «COVID-19 коронавирустық инфекция» клиникалық хаттамасында көрсетілген препараттармен ем жүргізіледі дейді.
 Білікті д
әрігер-сарапшы хаттамада көрсетілген әрбір дәрілік затты саралап түсіндіріпнәтижесімен де бөлісті.
 
Қайталанған дерт жаман
 Батпандап кіріп, мыс
қалдап шығатын қауіпті дерттің таралуына байланысты денсаулық сақтау саласына көп ауыртпалық түскені белгілі. Бірақ бірліктің арқасында қарсы тұра білдік.
 
Арал ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Үмбетов аудандағы ахуал жайлы айтып берді.
 
 «Індет айтып келмейді» демекшіжаһанды шарлаған коронавирусты алғашында елемегенімізбен, басымыздан өткергеннен кейінсақтану шараларын жасадықАуданда алғаш рет наурыз айында коронавирус инфекциясына дайындық жұмысы жүргізіліп, 100 провизорлық және 20 инфекциялық төсек орын ұйымдастырылдыКоронавирус инфекциясы анықталған 129 науқас тіркеліпаудандық жұқпалы аурулар бөлімшесінде 55 адам ем алдыПровизорлық бөлімшеге 278 науқас қабылданыпемделіп шықтыҚазір солардың арасынан тек 14 адам ем алудаИнфекциялық стационарда науқастар жоқИнфекциямен күресте медицина қызметкерлері заңдылыққа сәйкес қосымша үстеме ақысын уақытылы алып отырдыҚиын кезде медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қол ұшын созған ел азаматтарына алғысымыз шексізМінеосы аптада ауруханаға «Аралтұз» АҚ мен «Аралсода» ЖШС-ның демеушілігімен ауданның провизорлық стационарларының қажеттіліктері анықталыпкеректі медициналық құралдар мен материалдары алындыЕлімізде жарияланған төтенше жағдай мен шектеу шаралары айтарлықтай нәтижесін бердіМедицина қызметкерлері де біршама тәжірибе жинақтады. «Қайталанған дерт жаман» дегендейсанитарлық талаптарды орындағандақатаң сақтағанда ғана бұл індетті жеңеміз деді.
 
Алдағы аптадан бастап карантин уақыты аяқталыпелімізде коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген карантин шаралары жеңілдетіледі. Бірақ өткеннен сабақ алыпталаптарды қатаң сақтаған жөн.

https://tolqyn.kz/zanalyk/15272-audanday-ahual-alypa-tst.html 

18 тамыз 2020 ж. 67 0

Бас дәрігердің блогы

Хабарландыру