» » МЕДИЦИНА САЛАСЫ БИІК МЕЖЕДЕН КӨРІНДІ

МЕДИЦИНА САЛАСЫ БИІК МЕЖЕДЕН КӨРІНДІ

ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАП АРАЛДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНА КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТПЕК
2015 жылы ауданымыздың денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға бюджеттен 1 973 791,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. Ал ақылы қызмет бойынша 14 693,0 мың теңге қаражат түсті. Ақылы қызметтен түскен қаржы есебінен перзентхана бөлімшесіне 4 888 мың теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынды. Медицина қызметкерлерінің біліктілігінкөтеруге 3 456 186 теңге қаражат жұмалып бірқатар қызметкерлер өз біліктіліктерін арттырған.
 Биылғы жылы ауданда демографиялық өсіп қалыптасып отыр. 2015 жылдың қорытындысында 1480 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 19,4 промиллені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзіммен салыстырғанда 0,2 промиллеге көтерілген.
 Аудан халқына 290 төсектік аудандық орталық аурухана қызмет көрсетеді. 2015 жылы орталық ауруханада 7 730 науқас әр түрлі ауру белгілері бойынша емделіп шықты.
 Енді жаңа жылдан бастап ауданнан шалғай жатқан ауыл халқына жылжымалы медицина кешені қызмет көрсететін болады.
Арал Ауданының Әкімдігі
30 желтоқсан 2015 ж. 1 131 0