» » Дәрігер-инфекционист аудандағы науқастардың жағдайын баяндады

Дәрігер-инфекционист аудандағы науқастардың жағдайын баяндады

tolqyn.kz Дүнижүзіне қауіп төндірген COVED-19 Арал ауданынан да анықталыпалғашқы науқас 7 сәуір күні тіркеліпауруханаға жатқызылдыМұнан соң науқаспен байланыста болған адамдар карантиндік бақылауға алыныполардың арасынан да қауіпті дертке шалдыққандар анықталған едіБүгінде Арал ауданы бойынша 4 науқас коронавирус бойынша ем қабылдап жатыр.
          
Науқастардың қазіргі ахуалын білу үшін "Арал ауданаралық ауруханасының" жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты инфекционист Жолдасбай Жақсылықовқа хабарласқан едік. Дәрігер науқастардың жағдайы туралы айтып берді.
          – Аудан бойынша анықталған төрт науқастың да жағдайы қанағаттанарлық. Стандартқа сай ем қабылдап жатыр. Дер кезінде анықталып, тиісті шаралар қолданғандықтан науқастар ауруға төтеп бере алды. Қазір көңіл күйлері жақсы. Дене қызулары жоқ. Жөтелу байқалмайды, – деген дәрігер емделушілерден жақын күнде екінші және үшінші талдау алынатындығын айтты.
          – Жоспар бойынша 14 күн ем қабылдаған соң науқастардан екінші қан талдауы алынады. Мұнда ауру анықталмаса тағы үшінші мәрте алынған талдаудан соң барлығы жақсы болса, онда ауруханадан шығаруға дайындайтын боламыз, – деді.
          Сондай-ақ науқастарға тікелей ем жасап жатқан мидицинасаласы қызметкерлерінің де барлық қажеттіліктермен қамтылғандығын айтқан Жолдасбай Жақсылықов ешқандай шағым жоқ екендігін жеткізді.
Назерке Маратқызы
 
https://tolqyn.kz/zanalyk/13007-drger-infekcionist-audanday-nauastardy-zhadayyn-bayandady.html?fbclid=IwAR3D_aboQuC5I_ZXJcpBFQB140JZoIU9bH_kvKWJbsQyMK7tYYRudl45BfM     
22 сәуір 2020 ж. 534 0