» » Аралда коронавирустан екі адам жазылып шықты

Аралда коронавирустан екі адам жазылып шықты

    

25 сәуір күні Арал ауданында коронавирустық инфекциядан 2 науқас жазылып шықтыНауқастардың екеуі де алғаш ауру белгісі анықталған жандар. Бұл туралы "Арал ауданаралық ауруханасының" жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты инфекционист Жолдасбай Жақсылықов хабарлады. 

  – Науқастардың республикалық сараптама орталығына жіберген коронавирусқа байланысты тапсырған соңғы екі қан талдамасы да теріс нәтиже көрсеті. Бұл дегеніміз науқастар аталған аурудан толық айықты дегенді білдіреді. Соны негізге ала отырып бүгін екі науқасты үйіне жібердік. - деді дәрігер.
     Айта кетейік, 7 сәуір күні ауданан алғаш коронавирус жұқтырған адам анықталған болатын. Кейінен ауруға шалдыққандардың саны 4 адамға жетті. Олар тиісті ем шараларды қабылдады. Дәрігердің айтуынша қалған екі науқастың да жағдайы қалыпты. Жақын күнде олардан да талдау алынып натижесіне қарай тісті шара қолданылатын болады.

https://tolqyn.kz/zanalyk/13082-aralda-koronavirustan-ek-adam-zhazylyp-shyty.html?fbclid=IwAR1d58jKUBw3_D0fq8zgL0oggoF4X6FYjUb9e11PBltwqTJmGUsaLvnVyvs 
25 сәуір 2020 ж. 501 0