» » МӘМС: қандай? қалай? неге?

МӘМС: қандай? қалай? неге?

Денсаулық сақтау саласы – өте күрделі, қаржыны мол талап ететін, қайтарымы адам денсаулығының түзелуімен көрінетін сала. Мемлекет тарапынан қаншама қаражат бөлінгенімен, оның жыл өткен сайын жетімсіздігі байқалады. Өйткені әрбір ел азаматы өзіне өркениетті, дамыған елдердегі сияқты медициналық қызмет көрсеткенін қалайды. Дегенмен елімізде соңғы он жылдың көлемінде-ақ бұл бағытта оңды өзгерістерді байқаймыз. Жаңа ауруханалар, медициналық бекеттер  салынып, пайдалануға берілді. Созылмалы кеселдері бар науқастарға қажетті дәрі тегін таратылады. Бұрын көпшілікке арман болған күрделі операциялар, мысалы, жүрекке стент салу, бүйректі ауыстыру және тағы басқалар қолжетімді бола бастады. Бұған қоса жеке клиникалар мемлекеттік тапсырыс алып, сырқаттарға тегін қызмет көрсетеді. Сонымен, осы жылы толық күшіне енетін денсаулық сақтау саласындағы басты жаңалық  – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру адамдарға қай жағынан тиімді екені туралы қысқаша айтып берейін.

Бұл атының өзі айтып тұрғандай, басты мақсаты әлеуметтік бағытқа басымдық берілетін реформа. Адамдардың ден саулығын қорғауға мемлекеттік тұрғы дан жете мән беріледі. Дүние жүзінің көптеген елдерінің, атап айтқанда, Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция сияқты елдердің тәжірибесін жете зерттеп, Қазақстан МӘМС бойынша өз жоба сын жасады. Бұл реформа адам ды өз денсаулығына жауапты болу ды, зиянды әдеттердің алдын алу ды, медициналық тексеруден дер ке зін де өтуді қалыптастырады. Әлеумет тік сақтандыру нәтижесінде денсаулық сақтау саласында қаржылық тұрақтылық, елде созылмалы ауруға жұмса ла тын шығындарының азаюына септігін тигізеді. 


МӘМС жүйесінде болу үшін әрбір адам не істеу керек?


Біріншіден, бұл жүйеде сіздің кім ретінде қатыса алатыныңызды анықтап алған жөн. Мұны әлеуметтік мәртебе деп атайды. Оны egov.kz порталы арқылы біле аласыз. Одан соң емханаға тіркелесіз. Сіз өзіңізге тұрғылықты жақын бір ғана емхананы таңдайсыз. 


Қорға жарна қалай төленеді?


Осы жылдан бастап мемлекет әлеуметтік тұрғыдан қорғалуға  тиісті адамдарға, яғни 15 санат бойынша – балалар ға, көпбалалы аналарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүгедектерге, жұмыссыз ретінде тіркелгендерге, студент терге, зейнеткерлерге, бала күтімі бойын ша демалыстағы адамдарға, интер нат тәрбиеленушілеріне, тергеу изоля то рында отырғандарға, мүгедек бала күті мі мен үйде отырғандарға және тағы бас қаға жарнаны өз есебінен төлейді. Ал табысы бар адамдарға жұмыс беру шілер қызметкерлері үшін өз қаража тының есебінен МӘМС қорына 2020 жылы 2%, ал 2022 жылдан бастап   3% жарна аударады. Егер адам жалдамалы 

жұмысшы болса, онда жұмыс беруші 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық табыстың 1% ­ын, 2022 жылдан бастап 2%­ын  қорға аударып отыруға тиіс. Өзін­өзі жұмыспен қамтушылар мен жалдамалы қызметкер санатына жатпайтындар немесе келісімшартсыз жұмыс істейтіндер бірыңғай жинақтық төлем (БЖТ) төлейді. Бұл республикалық маңызы бар қалалар мен облыстық деңгейдегі қалаларда 1 айлық есептік көрсеткішті (АЕК)– 2651 теңгені, ал басқа елді мекендерде (0,5) АЕК –1325 теңгені құрайды. МӘМС пакетін пайдалану үшін БЖТ 3 ай қатарынан төленуі тиіс. 


МӘМС қандай қызметтер көрсетеді?


Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар табысы мен төлеген жар  насының көлеміне қарамастан, мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтің барлық түрін пайдалана алады. Мысалы, кеңес беру­ауруды анықтау қызметі, сондай­ақ қымбат тұратын диагностикалық, яғни нақтылау қызметтері, оның ішінде зертханалық (КТ, МРТ, ПЦР және ИФА және т.б.) тегін көрсетіледі. Сол сияқты амбу лато рияда, емханада дәрі­дәрмекті тегін ала алады, ауруханада емделу, ауру балалар мен ересектерді медициналық оңалту: кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травма тология және ортопедия сияқты қосымша қызмет түрлерін де тегін ала алады. Аурухана тарапынан МӘМС жүйесін аудан тұрғындарына насихаттау, оның тиімді тұстарын түсіндіру, көкей лерінде жүрген сұрақтарға жауап беру мақсатында біршама жұмыстар атқа рылды. Аудан бойынша 167 дәріс оқылып, 7813 үнпарақ таратылды, көрнекі жерге 9 билборд ілінді, аудандық газетке 5 мақала жарияланды. Аурухана бөлімше лерінде МӘМС туралы жеткілікті ақпарат беретін арнайы бұрыштар ұйымдастырылды. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – елімізде бұл саланы әрі қарай жетілдіруге, оның тиімділігін арттыруға бағытталған, әлемнің көптеген елдерінде өзінің жақсы жақтарымен ұнамды болған озық тәсіл. Оның пайдасының басты дәлелі – денсаулық сақтау саласын қаржыландыру сақ тандыру жарнасы есебінен артады.  Екіншіден, медицина қызметінің сапасын бағалау мен күнделікті бақылау бір жүйеде жүзеге асады. Жұмыс сапасы артып, шығындар анағұрлым азаяды. Үшіншіден, дәрігердің жұмыс уақыты оңтайланады. Қорыта келгенде, әлемдік деңгейдегі тәжірибе ретінде мойындалған МӘМС­тің берері мол.   Сондайақ МӘМС шеңберінде елдің әрбір аза матының кепілді көлемдегі тегін меди циналық көмек (ККТМК) алуға да құқылы екенін еске салған жөн. Тегін медициналық көмек бюджет есе бінен көрсетіледі және оған тиімділігі дәлелденген алдын алу, ауруды анықтау және емдеу медициналық қызметтері жатады. Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. 

Рес пуб ликалық бюджет есебінен маман дан дырылған медициналық көмек, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымының жол дамасы бойынша балалар мен ересектерге оңалту көмегін көрсету, көп теген тар саладағы медициналық көмек тер, туберкулез бен лепраға бай ланысты аурулар, АИТВ жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайлар нәтижесінде пайда болған ауруларға байланысты медициналық көмек көрсету, сот­медицина сараптамасы жатады. Тегін медициналық көмек емхана қызметкерінің жолдамасы бойынша көрсетіледі. 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті әйелдер мен тісі ауырған науқастарға да стоматологиялық қызмет тегін көрсетіледі, бұған тіс салу қызметі жатпайды. 18 жасқа толмаған балаларға физиотерапевтік қызмет тегін көрсетіледі. Жедел жәрдем қызметтері де тегін. Емхана дәрігерінің жолдамасымен аурулардың барлық түрлері бойынша жоспарлы медициналық қызмет көрсету, оның ішінде онкологиялық, пси хонев рологиялық, инфекциялық, офталь   мологиялық, хирургиялық, нейро хирургиялық, ортопедиялық, уронеф ро логиялық, терапевтік, травматологиялық, дер ма тологиялық және венерологиялық, жүкті әйелдер мен гинекологиялық аурулар, алкоголизм және наркомания, тубер кулез, қант диабеті, бронх және өкпе ауруларына, АИТВ жұқтырған нау    қастарға, төтенше жағдайлар нәти жесінде пайда болған ауруларға және тағы бас қаға тегін медициналық қызмет атқары лады. 


Фотосурет ortalyq.kz сайтынан алынды. 


Марат РШЫМБЕТОВ, 

«Арал ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК­ның бас дәрігері


«Толқын» газеті, 29 ақпан 2020 жыл





02 наурыз 2020 ж. 1 262 0