«Қамыстыбас» дәрігерлік амбулаториясындағы мониторинг
Ағымдағы жылдың 24 ақпанында "Арал ауданаралық ауруханасы" ШЖҚ КМК-на қарасты "Қамыстыбас" дәрігерлік амбулаториясының жұмысына мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында аурухана қызметкерлері тарапынан елді мекеннің әкімшілік ғимаратында ауыл тұрғындарына "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" жүйесін өзектендіру мақсатында іс-шара ұйымдастырылып, халыққа түсіндірме жұмыстары атқарылды. Бұл мәселе бойынша ел ішінде туындаған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

Дереккөз: aral_auruhana








