» » Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды


Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев облыс активіне денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын таныстырдыОблыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының лауазымына Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы тағайындалды.
 
А.Әлназарова 1971 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын - дәрігер-педиатр, 2006 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін - экономист мамандықтары бойынша бітіргенМедицина ғылымдарының докторы.
 
Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері ретінде бастаған. 2001-2004 жылдары - Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігеріҚызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасарыбасқарма бастығы, 2005-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облыстық басқармасының бастығыҚызылорда медициналық колледжінің директоры, 2013-2014 жылдары - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 2014 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келді.
 
Айта кету керексоңғы 3 жыл ішінде аймақтың әлеуметтік саласын дамытуға қыруар қаржы жұмсалыпжаңа жобалар жүзеге асырылудаСоның ішінде денсаулық сақтау саласының нысандары жаңартылыпматериалдық-техникалық базасы күшейтілдуБүйрек ауыстыружүреккке ота жасау сияқты оталарды жергілікті дәрігерлер жасауға жағдай жасалдыАна мен бала денсаулығы да үнемі бақылаудаХалыққа көрсетілетін қызметтің 83 пайызы медициналық қызметке байланыстыСондықтан медициналық қызметтің сапасын арттыру мәселесі күн тәртібінен түскен емесОсы жұмыстарды жалғастыру енді Ақмарал Әлназароваға жүктеліп отыр.

Қызылорда Облысының Әкімдігі

https://www.facebook.com

03 қараша 2015 ж. 2 014 0