МӘМС БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАДА БОЛДЫ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелерін Қызылорда облысында жедел өзара іс-қимыл және өңірлердің МӘМС енгізуге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік штаб мүшелері Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасына және Қазалы, Арал аудандық ауруханаларына барды.
Қызылорда облысының шалғай аудандарының бірі Арал ауданында жедел өзара іс-қимыл және өңірлердің МӘМС енгізуге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік штаб өкілдері Арал аудандық ауруханасы мен емханасында мамандардың МӘМС жүйесін іске асыруымен танысты. Бұл тұрғыда мүмкін болатын қауіптер, медицина қызметкерлерінің ТМККК және МӘМС пакеттерінің теориялық және практикалық білімдерін, ауылдағы медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін саралады.
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін еліміздің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі және ТМККК пакеті мен МӘМС пакеті шеңберінде оларға тиесілі медициналық қызметтерді кедергісіз ала алады. Осы кезеңде азаматтар өздерінің сақтандырылу мәртебесін анықтап, МӘМС қатысушысы болу керек. Жеңілдікті кезең аяқталғаннан кейін сақтандырылмаған пациенттер медициналық көмекті, бірақ тек ТМККК шеңберінде, қалған қызметтерді ақылы негізде алуды жалғастыратын болады. Сондықтан 31 наурызға дейін МӘМС жүйесінде сақтандырылған адам мәртебесін алу маңызды.








