» » КӘСІПОДАҚ АРАЛ АУДАНЫНДА

КӘСІПОДАҚ АРАЛ АУДАНЫНДА



"SENIM" денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы" РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Асылхан Абылайханұлы Арал аудандық ауруханасының мәжіліс залында жылдық есеп беру жиынын өткізді.
 Есеп беру жиынында 2019 жылы "Senim" денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының жылдық жұмыстары, сондай-ақ филиал құрамындағы Арал аудандық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының (төрағасы: Арғынбай Балпашұлы Асанбаев) атқарылған жұмыстары баяндалды.
 
Жиналыс соңында, қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауап алып тарқасты.



Қызылорда Сенім Кәсіподағы


11 ақпан 2020 ж. 734 0