» » Медициналық сақтандыру қорына қызылордалықтар 5,3 млрд. теңге аударды

Медициналық сақтандыру қорына қызылордалықтар 5,3 млрд. теңге аударды

Маусым айында түскен сақтандыру жарнасының көлемі 273,3 млн. теңгеге жетті, - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.

2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықта Қорға 5,3 млрд. теңге түсті. Аударымдар жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге тиесілі.

Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 96,8% немесе 5,2 млрд. теңгесін жұмыс берушілер, қалған 3,2% немесе 170,8 млн. теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған.

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.

https://syrboyi.kz/zedelnews/31521-medicinaly-satandyru-oryna-yzylordalytar-53-mlrd-tege-audardy.html 

17 шілде 2019 ж. 705 0