» » Антқа адалдық - мықты денсаулық

Антқа адалдық - мықты денсаулық


Ауылдағылардың биылғы тартуы - жаңа аурухана

Атап айтар болсақАрал аудандық денсаулық сақтау саласы бойынша биылғы жылдың 9 қаңтар күні облыс әкімінің шешімімен аудандық орталық аурухана мен аудандық емхана барлық құрылымдық мекемелерімен біріктіріліп амбулаториялық емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып қайта құрылуы игілікті істердің бастауы болды.

Сонымен қатараудандағы емдеуалдын алу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуда біршама істер атқары­луда. 2013 жылы Қарақұм дәрігерлік амбу­латориясы, 10 төсектік Қамыстыбас ауылдық ауруханасы ашылса, 2014 жылы Қамыс­тыбасАралқұм дәрігерлік амбулаториялары салыныпхалыққа қызмет көрсетуге кірісіп кеттіОсы жылы Сексеуіл ауылдық емханасы, 2015 жылы 40 төсектік Сексеуіл ауылдық ауруханасыБекбауылШижағаАманөткелҚаратерең дәрігерлік амбу­латориялары салынады-деп жоспарлануда екен.

Алайдақазіргі қаржы тапшылығына байланысты іске асырылуы қалай болар екен? - деген сауалымызға мамандаржоба-сметалық құжаттары әзірленіпнақтыланып қойылғанын жеткізді.

Қазіргі таңда аудандық перзентхана 112 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткізілуде. "Жол картасы” бойынша аудандық перзентханада ана мен балаға медициналық көмекті жақсарту мақсатында тәулік бойы реанимациялық кезекшілік жұмыс істейтін болыпты.

Аурухананың мәселесін құрал-жабдықтар шешеді

Осы жылы орталық аурухана облыстық бюджеттен бөлінген 107 млн теңге қаржыға заманауи медициналық жабдықтар мен ультрадыбыстық диагностикалық сараптау аппараттарыэндоскопиялық жабдықжаңа туылған балалар үшін реанимация жүйелеріөкпені жасанды желдетуингаляциялық наркоз аппараттарымен қамтамасыз етілмек.

Заман талабына сай аудан тұрғындары диагностика мен емдеудің иннновациялық мобилдік технологияларыяғни жылжымалы медициналық кешенсанитарлық авиациятелемедицина арқылы мамандандырылған медициналық қызметін кеңінен пайдаланудаКешенде 9 дәрігер маман АралҚазалы аудандарының тұрғындарына барынша қызмет етудеҚазірдің өзінде соңғы үлгідегі әдістермен 11 мыңнан астам тұрғын тексеріліп, 2 мыңның үстінде науқас алғаш рет анықталыпемдеу-сауықтыру шараларының нәтижесінде 62 пайызы сауықтырылған.

Мәселенсанавиацияға биыл 16 шақырту, 7 ауыр босанушы әйел, 9 ауыр жағдайдағы нәресте тіркеліптіТеле­медициналық кеңес беру бойынша биылғы жылы 36 әртүрлі ауыр науқастарға облыстық медицина орталығының мамандарынан тиісті кеңестер алыныпоң нәтижесін бергендігі аудандық денсаулық сақтау саласының жетістігі болар.

Аралда да оталар ОМО-тан кем жасалмайды

Инновациялық даму бағытында 2013 жылы аудандардың алғашқысы болып 18 млн теңгеге лизинг тәсілімен эндовидео­хирургиялық кешен алынып, биыл тек осы тәсілмен 141 ота жасалған.

Жалпы, Арал ауданының хирург дәрігер­лері өте мықты екендігі көп айтылады. Содан болар, орталық аурухананың хирургия бөлімшесінде облыс деңгейінде жасалатын струмэктомия, аденомектомия, нефроэкто­мия, асқазан резекциясы, бүйрек пластика­лық оталары, бас сүйек трапенациясы, сүйек остеосинтездері кең көлемде жасалуда екен.

Күндізгі стационарға басымдық берілуде

Бірыңғай Ұлттық денсаулық жүйесі негізінде мұнда да тәулік бойы жұмыс жасайтын стационарлардағы төсек қоры оңтайландырылуда.

Орталық ауруханада 50 төсектік күндізгі стационар қызмет көрсетеді. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін құрылымдарда 2013 жылы 150-ден астам күндізгі төсек болса, қазір оның саны артып отыр. Алдағы уақытта да күндізгі стационарлардың төсек қорын көбейту жалғасын таба береді. Үстіміздегі жылдың 6 айында күндізгі стационарда 2 мыңға тарта науқас ем қабылдаған.

Сондай-ақ, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық-медициналық тексеруден өткізу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде. Қан айналым жүйесінің ауруларын тексеруге жоспарланған науқастардың 52 пайызы, су қараңғы ауруы бойынша 58 пайызы, сүт безі қатерлі ісігі бойынша 54 пайызы, жатыр мойны ісігі 43 пайыз, тоқ-тік ішек қатерлі ісігі жоспары 50 пайызға, өңеш-асқазан қатерлі ісігі 49 пайызға қуық асты безі қатерлі ісігі 59 пайызға тексеріліп, скринингтік тексеру кезінде анықталған аурулар мен қауіп-қатер факторлары бойынша емдеу-сауықтыру жұмыстары атқарылу кезеңінде.

Қорыта айтқанда, аудандық аурухана мен аудандық емхана біріктіріліп, 1200 жұмысшы қызметкерлері бар бірыңғай кәсіпорын болғалы аудан халқының медициналық көмекке деген қолжетімділігі бұрынғыдан да артып, науқастар уақытылы әрі сапалы емдеу диагностикалық және мамандандырылған көмекке қол жеткізуде.

Емдеу мекемелерінің саны артқаны қуаныш болмағанымен, олардың аурудың алдын-алу бағытындағы жұмыстарды күшейтетіні көңілге медеу. Ендігісі, сала қызметкерлерінің антына адалдығы.

Р.САДУОВА

http://qyzylorda.info/index.php/densaulyq/item/1495-ant-a-adaldy-my-ty-densauly

25 қыркүйек 2015 ж. 948 0