» » ЕМХАНА ЕЛ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

ЕМХАНА ЕЛ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ


Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында медициналық қызмет сапасының халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатындығына баса назар аударылды. Адам баласының денсаулықсыз өмірі мәнсіз екендігі белгілі. «Адам жанының кеңес алып, емделмейтін адам жоқ. Ал тұрғындарға заман талабына сай қолжетімді және сапалы қызмет көрсетуге барлық мүмкіндіктер жасалуда. «Арал аудандық ауданаралық орталық емханасы» ШЖҚ КМК-ге қарасты аудандық  емханасы тұрғындарға дәрігерлік қызметтің 24 түрі бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетуде.

 ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санатты дәрігер­ұйымдастырушы, халық қалаулысы Шарапат Медетов басшылық ететін емхана қызметі жан­жақты. Біліктілігі мен талапшылдығы арқасында ұжым абыройына бөленген ол аудандық кеңес беру­диагностикалық емханасының бас дәрігері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Арал ауданындағы уәкілі қызметтерін атқарған кезінде де игі істердің жаршысы бола білді. Әкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Алпысбай Ізбасарұлы мен анасы, тылардагері әрі «Батыр ана» Малика Әбілдақызының тәрбиесімен көпшіл де еңбекқор болып өскен оның бойында өзгеге болысу, көмек көрсету секілді қасиеттер де мол.

–«Денсаулық – зор байлық» деп бекер айтылмаған. Халық денсаулығы бәрінен қымбат. Дәрігердің де дәрігері бар. Ерінбей еңбек етіп әрі ізденіс үстінде тәжірибе жинақтап, жанына шипа іздеп келген жанның қас­ қабағына қарап, сырқатынан емделу мен айығуына бар күшін жұмсап, арын үстіндегі аппақ халатындай сақтаған медицина қызметкері ғана көптің көңілінен шыға алады, - дейді «Қазақстан даңқы» орденінің иегері атанған аудандық емхананың меңгерушісі.

Соңғы жылдары емдеу мекемесінің материалдық­техникалық базасы айтарлықтай жақсарып, жетілдірілді. Зертханалық­диагностикалық қызмет түрлері, яғни рентген­флюорография, ЭКГ, эндоскопия, УДЗ кабинеттері және биохимия, ИФА зертханалары, кольпоскоп, стоматологиялық қондырғылар, зертханалық анализаторлар, авторефрактометр, офтальмоскоп көмегімен тұрғындарға көмек көрсетілуде.

Сондай­ақ денсаулық сақтау саласын цифрландыру арқылы медицина қызметкерлерінің еңбек өнімділігін ұлғайтып, халықтың медициналық қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыру барысында тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік жасалуда. Бұл бағытта кешенді барлық емхана мен аурухана медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуде. Аудандық емханада кешенді медициналық информациялық жүйе бағдарламасы бойынша базаға салынып, науқастар «Даму мед» жүйесі арқылы жергілікті емханасына тіркеліп, көрсетілетін уақытта дәрігердің қабылдауына келе алады.

Ұжымның ісі ілгері басуы қашан да басшыға байланысты. Талап пен тәртіп бар жерде ғана нәтиже болады. Осыны мақсат тұтқан Шарапат Медетов қызметкерлерді қашан да ізденісте, өз ісіне адал әрі не нәрсеге де мұқият болуға шақырады. Себебі, әр диагноздың артында адам өмірі, оның ертеңі жатыр. Сонымен қатар білікті басшы жаңа заманның жаңалықтарынан тыс қал­ мауға бейімделген. Мәселен, медицина қызметкерлерінің  басты  міндеттерінің бірі

скринингтік тексерулер жүргізу арқылы ауруларды ерте сатысында анықтап, сауықтыру. Бірнеше жылдан бері құрамында білікті дәрігерлері мен лабораториялық тексеру аппараттары бар жылжымалы медициналық кешен Арал мен Қазалы ауданы халқына қолжетімді әрі сапалы түрде медициналық қызмет көрсетіп келеді. Республика аймағында енгізілген Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша жұмыс істеп келе жатқан емханада тұрғындардың жекелеген санаттары бойынша науқастар тегін дәрі­ дәрмекпен қамтамасыз етілуде. Сондай­ақ амбулаторлық­емханалық көмек бағдарламасы енгізіліп, жұмыс жасауда. Яғни, науқастардың стационарды таңдау құқығымен портал бюросы арқылы ауруханаға, науқастардың  републиканың   кез  келген ауруханасына жату мүмкіндігі бар. Стационарды алмастыратын көмек ретіндегі 19 төсектік күндізгі бөлім де халыққа қолайлы. Ал медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында медециналық ұйымда ішкі аудит қызметі құрылып, соған сәйкес жұмыстар атқарылуда.

 Жүргізіліп жатқан осындай іс­шаралардың нәтижесінде емхананың негізгі индикаторлық көрсеткіштері жылдан­жылға жақсарып келеді. Туу көрсеткіші, табиғи өсім жоғарылап, жалпы өлім­жітім, туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіштері төмендеуде. Бұл – ауруы жанына батып жабырқап келген жандарға тиісті көмек көрсетіп, емдерімен де, жылы сөздерімен де жәрдем біле беретін ақ халатты абзал жандардың еңбегі. Олардың қатарында жоғары санатты эндокринолог дәрігер А.Есеналиева, пульмонолог дәрігер Х.Маханова, жасөспірімдер кабинетінің дәрігері Ж.Байгисинова, сондай­ақ Г.Мұстафаева, Б.Есенова, А.Пірманова, Д.Қожаниязова, К.Алдашова, Қ.Жанаева, И.Ранов, Г.Құрманбекова, Л.Бижанова, Б.Шашауова, М.Өте­ шова, Ә.Жүсіпов, А.Нұрпейісов, Б.Кемалов сынды тәжірибелі дәрігерлер мен А.Сағындықова, А.Рысбаева сынды жас мамандар бар. «Медицина – қызметтің асылы» демекші, медицина қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында барлық әріптестерімді мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс пен күш­қайрат, отбасыларына береке тілеймін, -дейді білікті басшы Ш.Алпысбайұлы.

Аудан халқының құрметіне бөленіп, ұжым абыройын көтеруде еселі еңбек етіп келе жатқан Шарапат Медетов – берекелі отбасының иесі. Жары Мейрамкүл де медицина саласының маманы. Үлгілі ұл­қыздары мен немерелерінің қызығына кенеліп отырған абзал жанның мерейі қашанда биік.


Е. САРЫН

«Толқын» газеті, 15 маусым 2019 жыл.

17 маусым 2019 ж. 1 447 0