Халықтың алғысын арқалаған жандар
Медицинаға көңіл бөлінудің арқасында еліміздің көптеген аумағында денсаулық сақтау саласында жаңа серпін пайда болды. Ауданымызда да өткен жылдың қазан айында жаңа аурухана салынып, ел игілігіне берілді. Жаңа құрылғылармен жабдықталған бұл аурухананың шипасын бүгінде басы ауырып, балтыры сыздаған жандардың барлығы дерлік толықтай сезініп отыр. Сонымен қатар мамандар құрамы да білікті, өз істерінің шебері.
Бүгінде Арал ауданаралық ауруханасында 240 төсектік тәулік бойылық стационар 67907 халыққа медициналық қызмет көрсетіп отыр. Оларға 137 дәрігер мен 695 орта буынды медицина қызметкері қызмет етеді. Сондайақ бастапқы медициналық санитарлық деңгейде аурулардың алдын алу, оларды скринингтік тексерумен қамту және анықталған науқастарды емдеу, сауықтыру жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар медицина қызметкерлері мемлекеттік саясат пен қоғамдық шаралардан да тыс қалмай, аудандық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, кәсіподақ және ардагерлер ұйымы аурудың алдын алу, өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауды, сонымен қатар келесі жылы іске асатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы жанжақты түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп келеді. Аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту, бала өлімінің алдын алу, қай жастағы болсын адамдар арасындағы аурушаңдықты төмендету, мамандардың кәс біліктілігін арттыру және медициналық ұйымдардың материалдықтехникалық базасын жақсарту басты мақсатымыз болып қала береді. Осы мақсатта халқымыздың ден саулығын түзеп, бақберекесін арттыруға еселі еңбек ете беретін болады. Ауданымызда тәжірибелі басшылар, білікті дәрігерлер мен орта буын медицинасының мамандары көптеп саналады. Бұл орайда ардагер дәрігерлер мен қазіргі буынның арасында тығыз қарымқатынас орнап, тәжірибе бөлісу жұмыстары да үнемі жүргізілетінін атап өтпей болмас. 2012 жылданбастапжылжымалымедициналықкешен ауданға беріліп, құрамы 7 дәрігер, 3 орта буынды медицина қызметкерінен тұратын топ Арал және Қазалы аудандарының елді мекендерінің диспансерлік есепте тұратын науқастарына және халықты профилак тикалық медициналық тексеруден өткізіп, анықталған науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді. Жылжымалы кешен УДЗ, рентген, ЭКГ, офтальмоскоп, гинекологиялық кресло, коль поскоп, стоматологиялық кресло, зертханалық жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.
Ауданда денсаулық сақтау саласын дамытудың 20162019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы, 2016 2020 жылдарға арналған «Жол карталары» мемлекеттік бағдарламасы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаладан туындаған міндеттері де жүйелі жүргізіліп келеді.
Асылхан НҰРХОЖАЕВ,
ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі
«Толқын» газеті, 15 маусым 2019 жыл








