» » Жұқпалы   аурулар: сақтансаң сақтайды

Жұқпалы   аурулар: сақтансаң сақтайды

Дүние жүзінде жұқпалы аурулардың түрі мыңдап саналады. Соның ішінде сал ауруы, құрөзек, сіреспе, көк­ жөтел, туберкулез, қызылша, қызамық, шошқа мойын, туа біткен қызамық синдромы, вирусты гепатит «В», Б типті гемофильді жұқпаларға қарсы профилактикалық егу шараларын жүргізу арқылы ауру деңгейін азайтуға, өлім көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік туды. Ал тиім­ ді вакцинаның арқасында шешек пен сал аурулары жойылды. Жер шарында жыл сайын 10 миллион адам тубер­ ку лезбен ауырып, 1 миллион адам осы аурудан қайтыс болады. Балалар туберкулездің ең ауыр­туберкулезді менингит түрімен ауырып, 100 пайыз жағдайда бұл өлімге әкеліп соқтырып жатады. Сондықтан балаларды туберкулезден қорғау үшін перзентханада және 6­7 жасында, мектепке барғанда ауруға қарсы егіледі. Ауа арқылы таралатын жұқпалы дерттің бірі–құр­ өзек. Жыл сайын жер шарында 5 мың адам құрөзектен қайтыс болады. Құрөзек ағзаның барлық мүшелерін зақымдайды, клиникалық белгілері тез дамып, ең көп ас қыну жағдайын береді. Құрөзекке қарсы балалар 2,3,4 айлығында егіледі, ал қайталап егу шаралары 1,5 жасында 6, 16, 26, 36, 46, 56 жаста жасалады. Жыл сайын 50 мыңға жуық сәби алғашқы үш аптада сіреспе ауруынан қайтыс болады екен. 30 мыңға жуық әйел босану кезінде осы жұқпалы дерттен көз жұмса, жер шарында жыл сайын 410 мың адам сіреспеден қай­ тыс болады. Сіреспе қоздырғышы күшті у бөліп шы­ ғарады, соның салдарынан адамның бұлшық еттерінде селкілдеу болады, жан шыдатпас ауру пайда болып, кейін бұлшық еттер өз қызметін тоқ татады. Сіреспеге қарсы арнайы дәрілер жоқ. Егу күн тізбесі құрөзек ауруына қарсы егу шараларымен бірге жүргізіледі, әсіресе бала туу жасындағы әйелдер сіреспеге қарсы жоспарлы егу шарасын уақытында алуы қажет. Балалар арасында жиі таралған жұқпалы ауру – көкжөтел. Бұл жұқпалы ауру ауа арқылы таралады. Көкжөтел ауруының асқынуынан балада өкпе қабынуы және мидың зақымдануы болады. Көкжөтелге қарсы арнайы ем жоқ. Сенімді әрі тиімді әдіс – балаларды 2,3,4 және 18 айлығында құрөзек, сіреспемен бірге көк­ жөтелге қарсы ектіру. Дүние жүзінде 10 миллион адам сал ауруынан соң мүгедек болып отыр. 1995­-2000 жылдар аралығында дүние жүзі бойынша Ұлттық Егу күндерін өткізу нә­ ти жесінде аурушаңдық 80 пайызға төмендеді. Сал ауруының қоздырғышы, әсіресе, егілмеген балаға өте қауіпті. Аналар өз сәбилерінің аяқ­қолын күнделікті қа рап, егер кішкене аяғын баса алмай немесе қолын қоз ғай алмай тұрса, тез арада дәрігерге көрсетуі керек. Уақы тында арнайы емін алса, балада параличтердің алдын алуға болады. Жаңа күнтізбеге сәйкес сал ауруына қарсы балалар 2,3,4 және 12 айлығында егіледі. Ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулардың қата­ рына қызылша, қызамық, шошқа мойын аурулары жа­ тады. Жер шарында жылына қызылшадан 900 мыңға жуық бала қайтыс болады. Қызылшадан асқынулар– өкпенің, тыныс жолдарының, мидың қабынуы болады. Қызамыққа қарсы егілмеген әйелдер жүктіліктің алғаш­қы 3 айында ауырса, 50 пайыз жағдайда түсік тастайды, 70 пайыз жағдайда сәбиі саңырау, соқыр, мылқау, ақыл­есі кеміс болып туылады. Шошқа мойынмен ауыр ған балаларда мидың қабынуы болады, бала есту қабілетінен айырылады, ал ер балаларда белсіздікке апарып соқтырады. Бүгінгі таңда күнтізбеге сәйкес ба­ лалар қызылшаға, қызамыққа, шошқа мойынға қарсы 1 және 6 жасында егіледі. Бүгінгі таңда жұқпалы ауруларға қарсы егу тегін жасалады. Республикамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандарымен сертификатталған, Денсаулық сақтау министрлігінің тендерлік комиссия­сынан өткен вакциналар сатып алынуда. Оның ішін­ де Франция, Англия, Жапония, Бельгияның озық тех­ нологиямен жасалған вакциналары бар. Бұл вакциналар дүние жүзінің 120 мемлекетінде қолданылады. Мүмкіндікті жіберіп алмай, жұқпалы ауруларға қар­ сы егіп және балаларыңыздың да денсаулығын сақтаған абзал. 

Сурет Baribar.kz сайтынан алынды.  
А.САТЕКЕЕВА,
аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы 
«Толқын» 27 сәуір 2019 жыл. 
29 сәуір 2019 ж. 1 481 0