Алматылық дәрігерлер Арал халқына қызмет көрсетуде
ҚазАқпарат - А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургиялық орталықтың бас директоры академик Ж.Арзықұловтың ұйымдастыруымен алматылық білікті дәрігерлер Арал ауданының халқына медициналық қызмет көрсетті. Бұл туралы Арал аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Алыстан келген ақ халаттылар алдымен жергілікті жердің дәрігерлеріне «Қазіргі заманғы аспект бастапқы медициналық санитарлық көмек деңгейінде науқастардың ауруларын анықтау және емдеу» тақырыбында кеңестер беріп, тәжірибелік пікір алмасты. Мұнан соң, құрамында нефролог, невропотолог, гепатолог, кардиолог, пульмоног, кардиохирург, уролог мамандары бар алматылық 9 дәрігер бір күнде 146 адамды қарады. Емделушілердің басым бөлігі - қала тұрғындары. Олар медициналық қызметтің сапасына өз ризашылықтарын білдіруде.
https://www.inform.kz/ru/almatylyk-darigerler-aral-halkyna-kyzmet-korsetude_a2795393








