ЕКПЕ САЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЕРЕКШЕ
Соңғы жылдары вакцинаның төңірегінде дау өршіп, қоғамда қызу талқыланатын тақырыпқа айналды. Дәрігерлер ектірудің пайдасын дәлелдеумен әлек болса, көпшіліктің көкейінде оның қауіпсіздігі мен сапасына күдік те туа бастады. Енді біреулер «шариғат тыйым салған» деген желеумен балаларына екпе салдырудан үзілді-кесілді бас тартып жатыр. Қазақ жеті жұттың біріне індетті жатқызған. Кезінде шешек, тырысқақ, оба, сүзек ауруларынан талай адам қырылғаны тарихтан белгілі. Ежелгі Грекия мен Ұрымның күйреуіне соғыс қана емес, елді жап пай жайлаған қара індет те себеп болған деседі. Сонымен, адамзатқа кесапаты көп ауруларға қарсы екпе ойлап табу – ғалымдардың ұзақ жылғы ізденісінің нәтижесі.
Ең алғаш шешекке қарсы екпенің қажеттілігін қытайлар көтеріпті. Араға жүздеген жылдар салып, оның дәрісін Ұлыбритания ойлап тапқан. Ал 1796 жылы ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер бірінші рет «вакцинация» сөзін енгізіп, шешек ке қарсы екпе жасаған. Кейін желшешек, қызамық, туберкулез сынды бас-аяғы 40-тан астам жұқпалы ауруға қарсы 100-ден аса вакцина шығарылды. Содан бері жер шары тұрғындарының көзі ашылып, талай аурудан аман қалды.
Айталық, дүние жүзінде табиғи шешек ауруының көзі 1978 жылы жойылды. Осы дан 30-40 жыл бұрын іш сүзегінен, қызылшадан балалар өлімі жиі болса, қазір бұл жөнінде сирек еститін болдық. Елімізде вакцинацияның жүргізіле бастағанына жарты ғасырдай уақыт өтті. Әлемдік тәжірибеге сай, Қазақстан да өзінің Ұлттық егу тізбесін Үкімет қаулысымен бекітті. Оның тізбесінде туберкулез, дифте рия, сіреспе, көкжөтел, полиомиелит, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, А және В гепатиттері секілді ауыр асқынулармен өтетін, мүгедектікке апаратын, өлімге жеткізуі де ықтимал күрделі дерттер қамты лып, оған қарсы вакциналар қарастырылған. Бұлардың бәрі ертеден келе жатқан, түрлі сынақтан өткен дәстүрлі екпелер.
Осындай профилактикалық егудің арқасында қауіпті жұқпалар өршімей тұр. Сондықтан елімізде жаңа туған сәбиге үш күннің ішінде туберкулезге қарсы екпе салынады. Бұл жас ағзаны ауруды жұқтырудан және туберкулездің бүкіл ағзаға таралатын ауыр түрінен қорғайды. Адамды қатерлі бауыр ісігінен, циррозға шалдықтыратын «В» гепатитінен де екпе арқылы қорғай ала сыз. Вакцинация – түрлі инфекция дан қорғайтын ең маңызды әдістің бірі.
Елімізде мына ауруларға қарсы вакцинация жүргізіледі: туберкулез (БЦЖ), гепатит «В» (ВГВ), полиомиелит (ОПВ), қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит (КПК), күл, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, (АбКДС), гемофильді инфекция (Хиб), тағы басқа Қазақстан Респуб ликасы бойынша міндетті екпе жаса лу мерзімдері бар. Балаларға екпе жасау (вакци нация) – адамзаттың үздік жетістіктерінің бірі. Екпе арқылы жер шарында миллиондаған бала өлімнен, мүгедектіктен аман қалды. Бір кездері талай тағдырды үзген шешек (оспа) ауруының жойылуы бұл сөзіміздің дәлелі. 1977 жылғы қазаннан бастап дүние жүзінде шешекпен ауырған бірде-бір науқас тіркелмеген. 1988 жылы ДДСҰ вакцинация арқылы әлемде полиомиелитті жою туралы бағдарлама қабылдады. 2002 жылы ДДСҰ Қазақстан территориясы полиомиелиттен босағаны туралы мәлімдеме жасады. Бұған балаларды жаппай вакцинациялау арқылы қол жеткізілді. Сонымен қатар бала лар арасында жұқпалы аурулармен (қызылша, қызамық, паротит, гепатит, т.б.) ауру көрсеткіші төмендеді.
Елімізде балалардың құқығын, денсаулығын қорғау Ата Заңмен белгіленген. Қазақстан Республи касының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 89-бабының 1.1-тарма ғында «Әрбір бала денсаулық сақтау жүйесінің заманауи және тиімді қызметін, ауруларды емдеу құралдарын пайдалануға және денсаулығын қалпына келтіруге құқылы» және 156-бабының 1-тармағында «Қазақстанда тұратын физикалық тұлғалар кепілді ақысыз медициналық көмек шеңберіндегі инфекциялық және паразитарлық ауруларға қарсы алдын алу екпелерін алуға міндетті» деген жолдар бар. Баласына профилактикалық екпе жасату – әр ата-ананың міндеті. Профилактикалық егу жүргізудің алдында дәрігер егілетін адамды тексеріп қарайды, иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда егілетін адамның медициналық құжатына егу жүргізуге рұқсат береді, егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар және қолайсыз көрсетілімдер, егу ден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпарат береді. Профилактикалық егуді жүргізуге ерікті ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту жазбаша түрде ресімделеді. Егуді алғаннан кейін егілген адамдар иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер (ИККК) туындаған жағдайда шаралар қабылдау үшін 30 минут бойы медициналық ұйымда медицина қызметке рінің бақылауында болады. Республика көлемінде қызылша ауруынан эпидемиологиялық ахуал тұрақсызданып, Қызылорда облысы бойынша 2019 жылдың 2 айында 120-дан астам жағдай тіркеліп отыр.
Ауруға шалдыққан балалардың көбі қызылшаға қарсы екпелерді белгілі бір себептермен алмаған балалар (медициналық қарсылықтары бар балалар және ата-аналары бас тарту себебінен алмаған балалар). Инфекция адам таңдамайды. Егер егу жұмыстары жаппай жүргізілмесе, қоғамда қолайсыз жағдайлар туындауы мүмкін. Жұқпаға қарсы егілмеген бала сол жұқпалардың қайнар көзі болып саналады. Ал егілген бала, тіпті ауырып қалған жағдайда да ауруы өте жеңіл түрде өтеді. Қазіргі таңда 27 түрлі ауруды вакцинамен ауыздықтауға бола тыны анықталған. Яғни, жұқпалы ауруларға қарсы күрестегі бірденбір құрал – халықты егумен толық қамтамасыз ету. Сол себепті, қауіпті жұқпалы аурудың алдын алу мақсатында балаға екпелерін дер кезінде алып тұрғаны өте маңызды.
А. ЖАЙЫЛҒАНОВА,
«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Арал ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің
ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары
Фотосурет 24 Канал сайтынан алынды.
«Толқын» газеті, 2 сәуір 2019 жыл.









