ДӘРІГЕРЛЕР САЙЛАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
Арал аудандық амбулаториялық-емханалық мемлекеттік кәсіпорын мекемесінің ұжымында кезектен тыс сайлау кандидатурасын қолдау мәселесі талқыланды. Президент сайлауын өткізу әлемдік үлкен өзгерістер кезеңінде бейбітшілік пен бірлікті, елдегі тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін дұрыс шешім деп қабылдайтын орталық аурухананың бас дәрігер міндетін атқарушы Амантүгел Кірбасов жиынға төрағалық етті.
А.Кірбасов алдымен сөз жүйесін күллі Қазақстанның назарын аударған «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІ съезіндегі Елбасының атап өткен мемлекеттің іргетасын нығайтуға арналған бес институттық реформасынан бастады. Қазіргідей жаһандық экономикалық дағдарысқа төтеп беру мақсатын негіз еткен бұл реформа – заманауи, кәсіби және автономиялы мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды, индустрияландыру және әртараптандыруға негізделген экономикалық өсімді, ел іргесінің берік, халықтың ауызбірлігінің біртұтас болу сипатын жетілдіруді көздейтіндігін баяндады.
Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Толыбай Медетов те жиын барысында өз ойын білдіріп, «Айналадағы өзге елдермен салыстырғанда еліміз қай салада да көш ілгері келе жатқаны шындық. Жыл санап елімізде емханалар салынып, медицина саласында заманауи құрылғылар алынып, халық денсаулығы үшін қолдан келгенше қажетті дүниелер жасалуда. Ел басына туған қиын қыстау заманда Нұрсұлтандай ағамыз халқына жанашырлығын өзінің адал еңбегімен, қажырлы қайратымен алып шықты» деп кезектен тыс Президент сайлауына Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуын қолдайтындығын жеткізді.
Жиын соңында Амантүгел Кірбасов аудан халқының денсаулығын түзету барысындағы жасалып жатқан көмек иелері - дәрігерлер ұжымының сайлауға бірауыздан қолдау білдіретіндіктерін айтты.
Арал Ауданының Әкімдігі
ФЕЙСБУКК








