ӨКПЕНІҢ ШОҒЫРЛЫ ТУБЕРКУЛЕЗІ
Туберкулез - қазіргі таңда дүние жүзіндегі тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп тұрған ауру. 1993 жылы ДДС¥ қоғамдық денсаулық сақгаудың глобалды мәселесі -туберкулез ауруы деп жариялады. Туберкулез — Кох таяқшасы қоздыратын өкпе мен басқа органдарды зақымдайтын жұқпалы дерт.
Арал ауданында ересектер арасында кездесетін туберкулездің кең тараған түрі – өкпенің шоғырлы туберкулезі.
Өкпенің шоғырлы туберкулезі, диагноз ретінде, дәрігерлер практикасында рентгендік тексеру енгеннен бастап қолданысқа жүр.
Шоғыр – инфильтрат - сау немесе бұрын ауырған өкпедегі туберкулез таяқшасы қоздырған қабыну ошағы. Өкпенің шоғырлы кабынуы көбіне өкпенің ұшында орналасады. Оның бірнеше қабыну ошақтарының бірігуі арқылы өкпенің бөліктерінен, өкпе алаңын түгелдей жаулап алуы мүмкін. Шоғырлы туберкулез тұмау, пневмония сияқгы жедел басталып, оларға қарағанда, ұзаққа созылады. Науқаста жөтел, ентігу, дене қызуының жоғары деңгейге дейін көтерілуі болады. Бұл жағдайда науқас қақырық сараптамасын тексерткеңде, туберкулез қоздырғышы анықгалады. Кей науқастарда сырқаттың еш белгісі болмайды. Ол сырқаттар тек рентгенологиялық тексерілу кезінде анықталады. Шоғырлы дақтар үлкейе келе өкпе тінінде ойықтың пайда болуына жетелейді. Сол кезде шағымдарына қақырық көбеюі, қан түкіру, өкпесінде дем алғанда сырылдардың пайда болуы, ентігу қосылады. Науқас емін дер кезінде бастамаса, қан түкіру өкпелік қан кетуге, ентігу, өкпе-жүрек шамасыздығы дамуына әкеледі.
Жоғарыдағы мәліметтерді қорытындылай келе аурудың негізгі белгілеріне: екі аптадан аса уақытқа созылған ұзақ жөтел, тәбеттің жоғалуы, кеуденің ауруы, түнде терлеу, дене салмағының кемуі, дене қызуының көтерілуі, қажып, шаршау жатады.
Бұл белгілердің біреуі немесе бірнешеуі белгілі болған жағдайда, науқас дәрігерге көрініп тексерілуі қажет.
Туберкулез сырқаты бақылаулы туберкулезге қарсы химиопрепаратгармен жүргізіледі. Аурудың дер кезінде анықталуы сауығуға әкеледі. Қазақстан Республикасында туберкулезбен ауыратындарды тексеру және емдеу толықтай тегін.
Асқар Бағыбергенұлы ҚАЗИЕВ,
Арал ауданаралық ауруханасының
туберкулезге қарсы күресу бөлімше фтизиатр дәрігері








