Ұзақ жасағыңыз келсе, жаңғақ жеңіз
"Грек жаңғақтары - ұзақ жасаудың құпиясы. Күн сайын бір уыс грек жаңғағын жеп тұру обырдан сақтайды", деп есептейді ғалымдар. Мамандардың пікірінше, күнделікті тағам рационында жаңғақ немесе оның майы болса, ол ісіктің бетін қайтарады.
Зерттеу жүргізген ғалымдар 18 апта бойы тышқандарға жаңғақ пен оның майын беріп тұрған.
Анықталғандай: обырдың алдын алумен қатар, жаңғақ холестерин мөлшерін азайтатыны, диабеттің де алдын алатыны белгілі болды. Жаңғақтың құрамында көптеген пайдалы дәрумендер, сондай-ақ омега-3 қышқылы бар. Ал бұл қышқыл жүрек ауруы мен кеуде обырынан сақтайды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Дуанабай Жолдасбек
ҚазАқпарат
http://aikyn.kz/articles/view/61219








